Қазақстандық жауынгерлік роботтар радиоэлектрондық күрес құралдарының сынағынан өтті

«Спасск» оқу орталығының полигонында Қазақстанда өндірілген ұшқышсыз жүйелер мен роботтандырылған кешендердің көрсетілімдік сынақтары өтті. Отандық әзірлемелер ұрыс жағдайына барынша жақын ортада тексерілді.

Техниканы Қарулы күштердің қару-жарағына қабылдау мәселесін қарау кезінде тәжірибелік-әскери пайдалану нәтижелері ескеріледі.

Сынақ барысында кәсіпорындар ұрыс алаңында әртүрлі міндет атқара алатын роботтандырылған кешендерді таныстырды. Олар оқ-дәрі мен инженерлік құралдарды жеткізуге, жаралыларды эвакуациялауға және жүк тасымалдауға арналған. Қойылған міндетке қарай кешендерге ПКТ пулеметін және басқа да атыс қаруларын орнатуға болады.

Әскерилерге ұшқышсыз ұшу аппараттары тобын басқару жүйесі де көрсетілді. Оның көмегімен бір оператор нысаналарды жоюға арналған 100-ге дейінгі дронды бір мезгілде басқара алады. Жүйені ҰҰА-ға қарсы іс-қимыл міндеттерін орындайтын мамандарды даярлау кезінде де пайдалану жоспарланып отыр.

Сынаққа радиоэлектрондық күрес бөлімшелері тартылды. Мамандар отандық техниканың заманауи радиоэлектрондық басу құралдарының әсері жағдайында қаншалықты тұрақты жұмыс істейтінін тексерді.

– Бүгінде ұшқышсыз технологиялар мен роботтандырылған кешендер қазіргі ұрыс алаңының ажырамас бөлігіне айналып келеді. Тәжірибелік-әскери пайдалану отандық әзірлемелердің мүмкіндіктерін объективті бағалауға, оларды одан әрі жетілдіру бағыттарын айқындауға және Қарулы күштерде қолдану перспективасы туралы жан-жақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді, – деді көрсетілімдік сынақтар жөніндегі комиссия төрағасы, полковник Амир Қасенов.

Әзірлеуші компанияның өкілі Дмитрий Попов таныстырылған кешендердің барлығы заманауи талаптар мен ұшқышсыз жүйелерді қолданудың практикалық тәжірибесі ескеріліп жасалғанын айтты.

– Біздің міндетіміз – әскерилерге логистика мен эвакуациядан бастап, атыспен қолдау көрсету және ұшқышсыз технологияларды қолдануға дейінгі кең ауқымды міндеттерді орындай алатын сенімді әрі тиімді шешімдер ұсыну. Полигондағы сынақтар әскери қызметшілердің пікірін білуге және техниканы одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, мұндай сынақтар отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және Қарулы күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың перспективалы үлгілерімен жарақтандыруға ықпал етеді.

Новые статьи

В ВКО и еще семи регионах Казахстана ожидаются снег и гололед

В ночные и утренние часы в Восточно-Казахстанской, Акмолинской, Алматинской, Павлодарской, Карагандинской и Северо-Казахстанской областях, а также в областях Абай и Жетысу прогнозируются дождь со...

ШҚО-дағы Ново-Березов кен орнында экологиялық заңбұзушылықтар анықталды

Шығыс Қазақстан облысында экологтар Ново-Березов кен орнындағы экологиялық заңбұзушылықтарды анықтады. ШҚО Экология департаментінің мамандары табиғат қорғау прокуратурасының үйлестіруімен Dengbo Success Minerals LTD компаниясына қатысты жоспардан...

В ВКО открыли бесплатную IT-школу с программой обучения на 18 месяцев

В Восточно-Казахстанской области расширяют возможности бесплатного обучения программированию и искусственному интеллекту. Жители от 15 лет могут освоить IT-навыки независимо от предыдущего опыта, а начинающие...

С 21 декабря в Казахстане изменится порядок подтверждения обязательств по утилизации отходов

Производители и импортеры, которые самостоятельно организуют сбор и переработку отходов, будут подавать документы непосредственно оператору расширенных обязательств производителей (РОП). Ранее заявления направляли в уполномоченный...