ШҚО-да жұмыспен қамту қалай қаржыландырылады?

2026 жылы Шығыс Қазақстан облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға 8 969 миллион теңге бөлінді. 1 шілдедегі жағдай бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес 2 356 миллион теңге, яғни жалпы соманың 26%-ы игерілді.

Қаражаттың негізгі бөлігі мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік субъектілеріндегі субсидияланатын жұмыс орындарына қарастырылған. Төрт бағытқа 6 864 миллион теңге бөлініп, оның 1 892 миллион теңгесі нақты игерілді.

Бұл ретте облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында секвестр аясында шығындарды 1 100 миллион теңгеге қысқарту жоспарланып отыр.

Субсидияланатын жұмыс орындарына барлығы 3 205 адамды орналастыру көзделген. 1 шілдеге дейін 2 211 адам жұмысқа орналасты, оның 441-і – жастар. Бұл жылдық жоспардың 69%-ын құрайды.

Қоғамдық жұмыстар бағыты бойынша көрсеткіш жоғары. Бұл бағытта 1 605 адам, соның ішінде 297 жас жұмысқа орналасты. 1 800 адамға арналған жоспар 89%-ға орындалды. «Күміс жас» жобасы аясында жоспарланған 375 адамның 329-ы жұмысқа орналасты. Жоспардың орындалуы – 88%.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 183 адам, оның ішінде 50 жас жіберілді. Бұл 370 адамға арналған жоспардың 49%-ы. Ең төмен көрсеткіш жастар практикасында тіркелді: жоспарланған 660 адамның 94-і жұмысқа орналасты немесе жоспар 14%-ға орындалды.

ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жастар практикасына орналастыру диплом алғаннан кейін, биылғы жылдың шілде айынан басталады.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске камеры видеонаблюдения зафиксировали подростков, распивающих алкоголь

В Усть-Каменогорске камеры Центра оперативного управления полиции зафиксировали, как четверо подростков распивали пиво во дворе жилого дома на улице Егорова. В отношении законных представителей несовершеннолетних...

Генеральный секретарь ИКАО оценил работу Авиационной администрации Казахстана

Генеральный секретарь Международной организации гражданской авиации (ИКАО) Хуан Карлос Саласар посетил Авиационную администрацию Казахстана (ААК) в рамках своего первого официального визита в страну. Его...

В Риддере 60 семей получили ключи от новых квартир

В канун Дня Республики в Риддере состоялось торжественное вручение ключей от квартир в новом многоквартирном доме. Новоселами стали 60 семей. 55 квартир приобрели сотрудники ТОО...

Депутаты Курултая обсуждают проблемы пищевой отрасли в ВКО

В Усть-Каменогорске проходит одно из первых выездных заседаний депутатов нового Курултая. В центре повестки – поддержка отечественных производителей пищевой продукции, переработка сельхозсырья, экспорт и...