Қазақстан мен Жапония шығарындыларды азайту жөніндегі жаңа жобаларды әзірлеп жатыр

Қазақстан мен Жапония парниктік газдар шығарындыларын азайту және оларды сіңіру бағытындағы бірлескен жобаларды дамытуды жоспарлап отыр. Ынтымақтастықтың келешегін Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев пен жапониялық Marubeni Corporation компаниясының өкілдері талқылады.

Тараптар Париж келісімінің 6-бабы аясындағы жобаларды, сондай-ақ JCM деп аталатын Бірлескен кредиттеу тетігін одан әрі қолдану мәселесін қарастырды. Бұл тетік елдерге парниктік газдар шығарындыларын азайтатын технологиялар мен жобаларды бірлесіп енгізуге мүмкіндік береді.

Мұндай жобаларды іске асыруға жаңа заң құқықтық негіз қалады. 2026 жылғы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Құжат Париж келісімінің 6.2 және 6.4-баптарында бекітілген халықаралық көміртегі тетіктері аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту және оларды сіңіру жобаларын іске асыруды көздейді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жапон тарапымен Бірлескен кредиттеу тетігін дамыту және ортақ жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Новые статьи

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...

В Казахстане безработных будут ставить на учет автоматически

В Казахстане с 1 октября 2026 года действует новый порядок регистрации безработных. Согласно приказу министерства труда и социальной защиты населения от 30 сентября 2026...

Объем торговли аграрной продукцией между Казахстаном и Чехией вырос на 31%

Казахстан и Чехия планируют расширять сотрудничество в сельском хозяйстве. Страны намерены наращивать взаимные поставки продукции, развивать племенное животноводство и обмениваться технологиями. По итогам восьми...