Жыл басынан бері 250 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда 249 598 адам жұмыспен қамтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1 шілдедегі жағдай бойынша осындай дерек ұсынды. Оның ішінде 96 415 қазақстандық тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30 мыңнан астам адамға көп.

Сонымен қатар еңбек нарығында уақытша жұмыс орындарының саны азайып келеді. Уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 115 960 адамнан 76 953 адамға дейін төмендеді. Яғни нарық біртіндеп тұрақты жұмыспен қамтуға бет бұрып келеді.

Министрлік тұрақты жұмыспен қамту көрсеткішінің өсуін жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың кеңеюімен, Электрондық еңбек биржасының цифрлық сервистерін дамытумен, кәсіптік оқытумен және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларымен байланыстырады. Бұл шаралар экономиканың нақты қажеттіліктеріне бағытталған.

Еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері де оң динамика көрсетіп отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халық саны тоғыз миллион 392 мың адамға жетті. Жалдамалы жұмыскерлер саны 150 мыңға жуық адамға артты.

Жұмыссыздық деңгейі 4,5%, ал жастар арасындағы жұмыссыздық 3% деңгейінде сақталып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі алдағы уақытта сапалы жұмыс орындарын ашуға, еңбек өнімділігін арттыруға және азаматтардың кәсіби дағдыларын дамытуға басымдық бермек. Басты міндет – қазақстандықтарды тұрақты, ресми әрі лайықты жалақысы бар жұмыспен қамтамасыз ету.

Новые статьи

ШҚО-да жыл басынан бері мемлекетке келтірілген шығынның 2,1 млрд теңгесі қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың басынан бері мемлекетке келтірілген 2,1 млрд теңге көлеміндегі шығын өтелді. Сонымен қатар күдіктілердің мүлкі мен ақшалай қаражатына тыйым салынды....

В ВКО с начала года государству возмещен ущерб на 2,1 млрд тенге

В Восточно-Казахстанской области с начала 2026 года государству возмещен ущерб на 2,1 млрд тенге. Эти средства удалось вернуть в рамках расследования экономических преступлений, также...

Екі қазақстандық Токиодағы каратэ турнирінде алтын мен күмісті иеленді

Қазақстан құрамасы Токиода аяқталған шинкиокушинкай каратэден беделді халықаралық «Чемпиондар чемпионы TOP-9» турнирінде екі медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы бәсекеде Анджей Кинзерский барлық қарсыласын жеңіп, турнир...

Два казахстанца забрали золото и серебро турнира по каратэ в Токио

Сборная Казахстана завоевала две медали на престижном международном турнире по шинкиокушинкай каратэ «Чемпион чемпионов TOP-9», который завершился в Токио. В мужских соревнованиях Анджей Кинзерский победил...