Қазақстандықтардың 93 пайызы елдегі этносаралық ахуалды оң бағалайды

Қазақстанда этносаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде этносаралық келісім мен бірліктің мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі екенін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстың негізінде әділдік пен барлық азаматқа тең мүмкіндік қағидаттары жатыр.

Мұны 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері де айғақтайды. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мәліметінше, азаматтардың 93,2 пайызы елдегі этносаралық қарым-қатынасты тұрақты деп бағалайды. Ал респонденттердің 72,5 пайызы этникалық тегі бойынша құқықтарының бұзылмағанын айтқан.

Сауалнамаға қатысқандардың 86,8 пайызы этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған мемлекеттік шараларға оң баға берген.
Биылғы жылдың алғашқы алты айында республика бойынша 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты. Бұл жұмыстарға 800-ге жуық сарапшы, журналист, блогер және этномәдени бірлестіктердің өкілдері жұмылдырылды.
Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілі тұрады.

Елде 1 мыңға жуық этномәдени бірлестік пен 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым жұмыс істейді.
Қоғамдық келісімді нығайтуда «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлері маңызды рөл атқарады. Қазір еліміздің өңірлерінде 37 Достық үйі жұмыс істеп, қоғамдық диалогты дамытуға, мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыруға және этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның бірлесе жұмыс істеуіне жағдай жасап келеді.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері барлық маңызды республикалық бастамаға белсене қатысады. Соның ішінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына жыл басынан бері 300 мыңнан астам адам қосылды.

Елімізде медиация институтын дамытуға да ерекше мән беріліп келеді. Әр өңірде кәсіби медиаторларды, заңгерлерді, педагогтерді, психологтарды, дінтанушыларды, журналистерді және қоғам белсенділерін біріктіретін орталықтар мен кеңестер жұмыс істейді. Қазіргі таңда медиаторлар тізілімінде 432 маман тіркелген.

Новые статьи

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...

Минздрав Казахстана предлагает изменить расчет показателя материнской смертности для оценки медработников

Министерство здравоохранения Казахстана подготовило поправки в правила поощрения работников организаций здравоохранения, оказывающих медицинские услуги в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи (ГОБМП) и системы...

Иностранным семенам — зеленый свет, своим производителям — дополнительные барьеры: как решать проблемы в АПК региона

Сегодня в Усть-Каменогорске на выездном заседании депутатов Курултая, аграрии подняли ряд неудобных вопросов для Минсельхоза. Особенно жестко о регулировании рынка семян высказался руководитель ТОО...

В ВКО выявили 203 стихийные свалки, 185 из них уже ликвидировали

В Восточно-Казахстанской области для выявления незаконных свалок и нарушений правил благоустройства начали активнее использовать беспилотники. С помощью дронов полицейские и представители местных исполнительных органов...