ШҚО-да бюджет кірісі артты, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн көрсетілуде

Алты айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 284 млрд теңге салықтық түсім түсіп, жоспар 102,4%-ға орындалды. Бұл жоспардан 6,6 млрд теңгеге артық. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бюджет кірісі 78 млрд теңгеге немесе 37,8%-ға өсті. ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын жариялады.

Бюджеттің негізгі кірісі қосылған құн салығы, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық, корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық есебінен қалыптасты. Ал ең жоғары түсім өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі, сауда және құрылыс салаларынан түсті. Сонымен қатар салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижесінде республикалық бюджетке қосымша 6,3 млрд теңге өндірілді.

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары да жалғасуда. Жыл басынан бері облыста 264 822 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 99,7%-ы электрондық форматта ұсынылды. Қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға азайды.

Биыл толық іске қосылған Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған ақпараттық жүйесі мен жаңа Салық кодексі құжаттарды өңдеу мерзімін қысқартып, салықтық рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар салық есептілігінің көлемі 30%-ға қысқарып, есептілік нысандарының саны 39-дан 28-ге дейін азайтылды.

Департаменттің мәліметінше, алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және цифрлық сервистерді дамыту жұмыстары жалғасады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...