Өскеменде полицейлер 1,3 тоннадан астам заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі

Өскемен қаласы Ертіс полиция бөлімінің қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Бұл жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолын кесуге бағытталған.

Ағымды жылдың басынан бері полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 34 фактісінің жолын кесті. Заңсыз айналымнан 1 тонна 311 литр спиртті өнім тәркіленді. Барлық құқық бұзушылар мемлекеттік тіркеусіз және қажетті рұқсат құжаттарынсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атқарылып жатқан жұмыстар жүйелі сипатқа ие. Мәселен, 2025 жылы полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 21 фактісін анықтап, заңсыз айналымнан 825 литр спиртті өнімді тәркілеген болатын. Ал 2024 жылы 26 фактінің жолы кесіліп, 650,5 литр тәркіленген еді.

Анықталған фактілердің едәуір бөлігі Асқартау көшесіне тиесілі. Жыл басынан бері бұл көшеде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 16 фактісінің жолы кесіліп, заңсыз айналымнан 1 тонна 272 литр спиртті өнім алынды.

Заңнамада көзделген барлық процестік іс-шаралар аяқталғаннан кейін тәркіленген спиртті өнім белгіленген тәртіппен жоюға жатады.

Мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды дер кезінде анықтау үшін профилактикалық іс-шаралар күн сайын жүргізіледі. Ерекше назар аударуды талап ететін орындарда патрульдік полиция нарядтары күнделікті қызмет атқарады.

Сондай-ақ Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы жедел жағдайға мониторинг жасалып, түскен хабарламаларға дер кезінде ден қоюға және қолданыстағы заңнама аясында шара қолдануға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері туралы 102 нөміріне хабарлауға шақырады. Әрбір өтініш тексеріліп, ақпарат расталған жағдайда заңда көзделген шаралар қабылданады.

Новые статьи

В Казахстане выросли пассажирские перевозки

За первое полугодие 2026 года всеми видами транспорта в Казахстане перевезли 979,4 млн пассажиров. Это на 5,5% больше, чем за аналогичный период прошлого года....

Балалардың демалысы қауіпсіз жолдан басталады

Жол қозғалысына қатысушылардың өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға және адам өмірін сақтап қалуға бағытталған «Қауіпсіз жол» арнайы жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әкімшілік...

Детский отдых начинается с безопасной дороги

В рамках спецпроекта «Безопасный путь», направленного на формирование культуры взаимного уважения участников дорожного движения и сохранение жизни, сотрудники административной полиции Департамента полиции Восточно-Казахстанской области...

Қазақстандықтарға Құрылтай сайлауы қарсаңындағы фейктер мен арандатушылықтар туралы ескертілді

Құрылтай сайлауы жақындаған сайын Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы цифрлық кеңістікте дәйексіз ақпаратты әзірлеу мен тарату әрекеттерінің жиілегенін тіркеп отыр. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау кезеңі...