ШҚО-да азық-түлік саудасындағы заң бұзушылықтар бойынша 81 іс қозғалды

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында сауда саласындағы заң талаптарын бұзу деректері бойынша 81 әкімшілік іс қозғалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы бір миллион теңгеден асты.

ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке:

49 кәсіпкер – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15% сауда үстемесін асырғаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 204-4-бабы 1-бөлігі бойынша;

25 кәсіпкер – тауарды баға белгісінсіз сатқаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 193-бабы 4-бөлігі бойынша тартылды.

Бақылау сауда нысандарындағы баға мониторингі және делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссиялар арқылы жүргізіледі. Сауда үстемесін асыру деректері комиссия отырыстарында қаралып, кейін шара қолдану үшін материалдар Сауда департаментіне жолданады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын ең жоғары сауда үстемесі 15%-ды құрайды. Бұл кәсіпкерлерге берілген кеңес емес, заңмен белгіленген шектеу. Бағаны тұрақтандыру жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдіктері, Сауда департаменті және «Ертіс» қатысады. Билік баға орташа облыстық деңгейден едәуір жоғары аудандарға ерекше назар аудармақ.

Новые статьи

Қазақстан мен Польша көпірлерді цифрлық жобалауды бірге дамытады

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» Польшаның бейінді ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр. Тараптар цифрлық жобалауды бірлесіп дамытуға, зерттеулер жүргізуге және көпір саласының нормативтік-техникалық базасын жетілдіруге келісті. Негізгі...

Казахстан и Польша займутся цифровым проектированием мостов

«Казахстанский дорожный научно-исследовательский институт» расширяет сотрудничество с профильными организациями Польши. Стороны планируют совместно развивать цифровое проектирование, проводить исследования и совершенствовать нормативно-техническую базу мостовой отрасли. Одним...

Қазақстанда 127 мың талапкер білім грантына үміткер

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш берді. Бұл былтырғыдан 14 мыңға көп. 2025 жылы комиссия 113 мың өтініш...

127 тысяч абитуриентов претендуют на образовательные гранты в Казахстане

Около 127 тысяч абитуриентов подали заявления для участия в конкурсе по присуждению образовательных грантов. Это на 14 тысяч больше, чем годом ранее. В 2025...