Threads-та ғана «қызмет еткен»: Астана тұрғыны әскер туралы өтірігі үшін сотталды

Астанада сот әскери борышын өтеу кезінде зорлық-зомбылық көргені туралы жалған оқиға ойлап тауып, Threads әлеуметтік желісінде ақша жинаған 23 жастағы ер адамға үкім шығарды. Алайда жас жігіт бұған дейін әскерде мүлде қызмет етпеген.

Биылғы жылдың ақпан айында Астана тұрғыны анонимді жазба жариялап, әскерде қызмет етіп жүрген кезінде жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болғанын мәлімдеген. Сондай-ақ өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, шетелге кету үшін қолданушылардан қаржылай көмек сұраған.

Ер адам жазбаға банк деректемелерін қоса тіркеген. Алайда шот өзіне емес, ол алдап соққан 17 жастағы танысына тиесілі болған. Екі күн ішінде шотқа 15-тен астам ақша аударымы түскен.

Тексеру әлеуметтік желі қолданушыларының бірінің өтінішінен кейін басталды. Нәтижесінде жарияланған оқиғаның шындыққа жанаспайтыны анықталды. Тергеушілер жазба авторының әскерде ешқашан қызмет етпегенін, ал зорлық-зомбылық пен қауіп туралы әңгімені ақша табу үшін ойдан шығарғанын анықтады.

Тергеу барысында ер адам жалған жазбаны тек ақша алу мақсатында жариялағанын мойындады. Алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сот Астана тұрғынын кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Полиция азаматтарды әлеуметтік желілердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге және бейтаныс адамдарға ақша аудармауға шақырды.

– Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер, – деп ескертті полиция өкілдері.

Новые статьи

127 тысяч абитуриентов претендуют на образовательные гранты в Казахстане

Около 127 тысяч абитуриентов подали заявления для участия в конкурсе по присуждению образовательных грантов. Это на 14 тысяч больше, чем годом ранее. В 2025...

Жасанды интеллект Қазақстанның энергетикалық нысандарын тексере бастады

Қазақстанның энергетика саласында инфрақұрылымды бақылау үшін жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттары енгізіліп жатыр. Жаңа технологиялар электр беру желілерін, трансформаторларды, түтін мұржаларын, көмір қоймалары...

ИИ начал проверять энергообъекты Казахстана

В энергетической отрасли Казахстана внедряют искусственный интеллект и беспилотники для мониторинга инфраструктуры. Новые технологии уже используют при обследовании линий электропередачи, трансформаторов, дымовых труб, угольных...

ШҚО-да азық-түлік саудасындағы заң бұзушылықтар бойынша 81 іс қозғалды

2026 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысында сауда саласындағы заң талаптарын бұзу деректері бойынша 81 әкімшілік іс қозғалды. Айыппұлдардың жалпы сомасы бір миллион теңгеден...