Қазақстан Пәкістанға академиялық ұтқырлық пен бірлескен бағдарламаларды дамытуды ұсынды

Қазақстан мен Пәкістан ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтпақ. Ынтымақтастықтың келешегін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Пәкістан Ислам Республикасының білім және кәсіптік даярлық министрі Ваджиха Камар талқылады.

Кездесуде тараптар трансұлттық білім беруді дамыту, академиялық және ғылыми байланыстарды кеңейту, сондай-ақ екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Жоғары білімді интернационалдандыруға ерекше назар аударылды. Студенттер мен оқытушылар халықаралық бағдарламаларға жиі қатысып, университеттер өз елінің шеңберімен ғана шектелмеуі керек.

Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін жаңғырту жұмыстары туралы айтты. Ол негізгі бағыттардың қатарында әлемдік деңгейдегі университеттерді тарту, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу, академиялық дербестікті кеңейту және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді атады.

Қазақстан университеттердің ғылыми әлеуетін нығайтып, цифрлық шешімдерді енгізіп, отандық білімнің экспорттық мүмкіндігін арттыруға да күш салып жатыр. Ел студенттерді шетелге оқуға жіберумен ғана шектелмей, шетелдік жастарды да көбірек тартуға мүдделі. Өйткені академиялық алмасу екі бағытта жүруі керек, әйтпесе ол таланттардың көші-қонына айналып кетеді.

Кездесуде қазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік академиялық кеңістікке кіріктіру, олардың халықаралық рейтингтердегі орны және шетелдік студенттер санын көбейту мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға бағытталған бастамаларды да қарастырды.

Қазақстан мен Пәкістан студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске қосу, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларды дамыту, Пәкістан азаматтарының Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу мүмкіндігін арттыру көзделген.

Ваджиха Камар Қазақстанның жоғары білім жүйесін жаңғырту нәтижелерін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Пәкістан үшін Қазақстанның трансұлттық білім беруді дамыту, халықаралық университеттерді тарту және жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады.

Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды дамытуға, халықаралық академиялық әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы тікелей байланысты нығайтуға дайын екенін растады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...