ШҚО фермерлері егінді шілде айының соңына дейін сақтандыра алады

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сақтандыру рәсімдеуге қосымша уақыт берілді. Егістікті сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі 2026 жылғы 31 шілдеге дейін ұзартылды.

Фермерлер Kezekte.kz платформасы арқылы өтінім беріп, сақтандыру шартын жасай алады. Бұл мүмкіндік Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарының, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолжетімді.

Сақтандыру қорғанысы 2026 жылғы 15 тамыздан 14 қазанға дейін қолданылады. Полис егін жинау кезінде топырақтың шамадан тыс ылғалдануына байланысты тәуекелдерді өтейді.

Барлық рәсім Kezekte.kz платформасында орналасқан Qalqan агросақтандыру ақпараттық жүйесі арқылы электронды форматта жүргізіледі. Онда өтінім беруге, шарт жасасуға және сақтандыру төлемін алуға болады. Полисті рәсімдеу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Мемлекет сақтандыру сыйлықақысының 80%-ын субсидиялайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші полистің толық құнының тек 20%-ын төлейді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ фермерлерге сақтандыру рәсімін кейінге қалдырмай, болашақ өнімді қолайсыз ауа райынан қорғауға кеңес береді. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 31 шілдеде аяқталады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...