65 жастан асқан жүргізушілер көлік басқару үшін медициналық тексеруден өтуге міндетті

Биылғы 25 тамызда күшіне енетін «Жол жүрісі туралы» заңдағы бұл өзгеріс туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Енді 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуге міндетті. Жүйеде медициналық тексеруден өткені туралы растау болмаса, көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылады.

– Міндетті медициналық тексеруден өткені туралы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігі мен Ішкі істер министрлігі арасында автоматты түрде беріледі. Егер мемлекеттік ақпараттық жүйеде медициналық тексеруден өткені және көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқ екені расталмаса, көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылады, – делінген Polisia.kz хабарламасында.

Новые статьи

Қазақстан Пәкістанға академиялық ұтқырлық пен бірлескен бағдарламаларды дамытуды ұсынды

Қазақстан мен Пәкістан ғылым және жоғары білім саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтпақ. Ынтымақтастықтың келешегін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Пәкістан Ислам...

Казахстан предложил Пакистану развивать академическую мобильность и совместные программы

Казахстан и Пакистан намерены укреплять стратегическое партнерство в сфере науки и высшего образования. Перспективы сотрудничества обсудили министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек...

ШҚО маусымаралық кезеңге 6 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізуге келісімшарт жасасты

Шығыс Қазақстан облысында 2026 жылдың күзінен 2027 жылдың көктеміне дейінгі маусымаралық кезеңге 6 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізуге келісімшарт жасалды. Өнімді қазан айынан бастап...

ВКО законтрактовала почти 6 тысяч тонн овощей на межсезонье

В Восточно-Казахстанской области законтрактовали почти 6 тысяч тонн овощей на период с осени 2026 года до весны 2027 года. Реализацию продукции планируют начать в...