Қазақстан құрамасының мүшесі үйінде сирек кездесетін 35 жыртқыш құс ұстаған

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті сирек кездесетін жыртқыш құстарды заңсыз сатып алып, ұстады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынға қатысты тергеуді аяқтады. Тінту кезінде күштік құрылым қызметкерлері Қазақстанның Қызыл кітабына енген 35 құсты анықтады.

Тергеу мәліметінше, күдікті Қарағандыдағы жеке үйінің аумағында заңсыз құс тәлімбағын ұйымдастырған. Ол құстарды 2017 жылдан бері ұстаған. Ер адам «Құсбегілік» федерациясының мүшесі әрі жыртқыш құстармен аң аулау бойынша Қазақстан құрамасының сапында болған. Алайда тергеушілердің пікірінше, оның дәстүрлі өнерге деген қызығушылығы белгіленген ережелер мен заң аясынан шығып кеткен.

Күдікті Instagram желісінде тақырыптық парақша жүргізіп, ұлттық аңшылық, жыртқыш құстарды ұстау және емдеу туралы материалдар жариялаған. Әлеуметтік желі арқылы табиғи мекенінен ұсталған сирек кездесетін жыртқыш құстарды жеткізіп отырған адамдармен байланыс орнатқан.

Тұрғылықты жерін тінту барысында қызметкерлер 35 құсты тауып, тәркіледі. Олардың арасында ителгі, бүркіт және лашын бар. Бұл құстардың барлығы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады.

Күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ сот санкциясымен тергеу оның Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салды.

Қазір тәркіленген құстар Қарағанды хайуанаттар бағында уақытша ұсталуда. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін оларды табиғи мекеніне жіберу жоспарланып отыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...