Қазақстан мен Татарстан дәрігерлер даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бастаған делегация Татарстан Республикасына барды. Қазақстандық мамандар өңірдің медициналық білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы тәжірибесімен танысты.

Жұмыс сапарының басты мақсаты – Қазақстан мен Татарстан арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Тараптар медицина мамандарын даярлау, заманауи білім беру, клиникалық және цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.

Сапар барысында қазақстандық делегация Татарстанның жетекші медициналық және білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.

Маңызды кездесулердің бірі Қазан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Айрат Фарраховпен өтті. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын іске қосу, дәрігерлер даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және оқу үдерісіне заманауи технологияларды енгізу мүмкіндіктерін қарастырды.

Сапар бағдарламасына Қазан мемлекеттік медицина университетінің Кадаверлік орталығы, «AMTEK» білім беру орталығы, Республикалық клиникалық аурухана, Балалар республикалық клиникалық ауруханасы, № 7 мемлекеттік клиникалық аурухана және Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталық кірді.

Делегация медициналық симуляциялық технологияларды әзірлейтін жетекші компаниялардың бірі – «EIDOS» компаниясының өндірістік алаңына да барды. Мұндай жүйелер болашақ дәрігерлерге нақты пациенттермен жұмыс істегенге дейін тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сапарға қатысушылар медицина мамандарын тәжірибеге бағыттап даярлау, симуляциялық оқытуды дамыту, денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ тараптар клиникалық тәжірибеде инновациялық шешімдерді қолдану жолдарын талқылады.

Бұдан бөлек, Тимур Сұлтанғазиев пен қазақстандық делегация өкілдері Татарстан Республикасы Мемлекеттік кеңесінің төрағасымен және Татарстанның денсаулық сақтау министрімен кездесті.

Келіссөздер барысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, медицина ғылымын дамыту, саланы цифрлық трансформациялау және жоғары білікті мамандар даярлау мәселелерін талқылады.

Сапар қорытындысында тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға және Қазақстан мен Татарстан Республикасының медициналық ұйымдары арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Новые статьи

ШҚО-ның 1 503 тұрғыны жарты жылдан астам уақыт жұмыссыз ретінде есепте тұр

Шығыс Қазақстан облысында 1 503 адам алты айдан астам уақыт бойы жұмыссыз ретінде есепте тұр. Олар басым санаттағы жұмыссыздар қатарына жатқызылғанымен, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу...

1 503 жителя ВКО больше полугода стоят на учете по безработице

В Восточно-Казахстанской области 1 503 человека состоят на учете по безработице более шести месяцев. Они отнесены к категории приоритетных безработных, однако мерами содействия занятости...

Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы фильмнің тұсаукесері өтті

Астанада Қазақстандағы қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы мен трансплантологияның дамуына арналған «4739» қысқаметражды деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм атауындағы сан афишаға әдемі көріну үшін алынбаған....

В Казахстане прошла премьера фильма о посмертном донорстве

В Астане состоялась премьера короткометражного документального фильма «4739», посвященного посмертному донорству органов и развитию трансплантологии в Казахстане. Причем название картины выбрали не ради красивой цифры...