Ақжар тумасы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды

Дархан Бақытжанұлы Сапанов Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін, 2023 жылдың ақпанынан бастап өңір басшысының орынбасары қызметін атқарған. Яғни облысқа сырттан келген кадр емес: Дархан Сапанов облыстық әкімдікте үш жылдан астам уақыт жұмыс істеп, өңірдің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен мәселелерін жақсы біледі.

Дархан Сапанов 1985 жылғы 2 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дүниеге келген. Қазір 41 жаста.

2007 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Жылу энергетикасының инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Менеджер» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған.

Дархан Сапанов еңбек жолын 2007 жылы ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті инспекциялау бөлімінің бас маманы болып бастады. Кейін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-нің халықпен жұмыс жөніндегі департаментінде инженер, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінде сарапшы болып еңбек етті.

2009 жылдың тамызынан 2020 жылдың қарашасына дейін Қазақстан премьер-министрінің кеңсесінде бірнеше қызметтік сатыдан өтті. Бас сарапшы, бас консультант, сектор меңгерушісі, бас инспектор және индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды.

2020 жылдың қарашасынан 2023 жылдың ақпанына дейін Дархан Сапанов Қазақстан президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды. Кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

2023 жылдың маусымында Дархан Сапанов ШҚО әкімі лауазымына кандидаттардың бірі болды. Сол кезде депутаттар Ермек Көшербаевтың кандидатурасын қолдады. Ол өңірді 2023 жылдың маусымынан 2025 жылдың ақпанына дейін басқарды.

Дархан Сапанов қазақ және орыс тілдерін меңгерген. 2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...