Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз етілді.

ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсаттың айтуынша, инфляцияны тежеу мақсатында нарықты қолдауға бағытталған қаржылық тетіктер мен жедел реттеу шаралары іске асырылып, инфрақұрылым мен логистиканы дамытуға ден қойылып, жергілікті өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетілуде.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын барынша төмен бағамен сату мақсатында «Ертіс» ӘКК» АҚ 2012 жылдан бері жеке сауда дүңгіршектері желісін құрумен айналысып келеді. Қазіргі уақытта сауда желісі 46 нүктеден тұрады: оның ішінде 21-і компанияға тиесілі дүңгіршек, қалғаны меморандум негізінде жұмыс істейтін серіктес нысандар. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз және үстеме бағасыз тікелей сатуға арналған жәрмеңкелер тұрақты түрде өткізілуде. 2026 жылдың басынан бері осындай 300-ге жуық жәрмеңке ұйымдастырылды, – деді ол.

Одан соң отырыс барысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы шаралар туралы баяндалды. Облыс бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрап отыр.

– 2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 17 440 жұмыс орнын құру көзделген. Шілде айындағы жағдай бойынша 7 018 жұмыс орны құрылды. Биыл еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытумен 440 жұмыссыз азамат қамтылмақ. Жыл басынан бері 215 адам оқуға жіберіліп, оның ішінде 42-сі оқуды аяқтады, – деді ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова.

Облыс әкімі өз сөзінде ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасына аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, өңірде неғұрлым талап етілетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру көлемін ұлғайтуға ұсыныстар енгізу міндетін қойды.

– Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг тұрақты түрде жүргізілуі тиіс. «Ертіс» ӘКК» АҚ тауар қорлары тапшылығына жол бермей, сауда объектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ қалалар мен аудандар әкімдері жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жеткізілетін жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етіп, NEET санатындағы жастармен жұмысты күшейтіңіздер. Әрбір жұмыссызбен дербес жұмыс жүргізілуі қажет. Өйткені әр адамның артында оның отбасы, жақындары тұр, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Бұдан бөлек, аймақ басшысы туристік орындар мен жағажайлардың тазалығына баса назар аударып, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмысты күшейту қажеттігін жеткізді.

– Бірінші кезекте демалыс орындарында қоқыс жәшіктерін көптеп орнатуымыз керек. Сонда келген адам өз қоқыстарын жинап, сол жерге тастай алады. Халыққа таза, қауіпсіз және абаттандырылған жағажай қажет. Тазалықты қамтамасыз ету – есеп үшін атқарылатын жұмыс емес, әр әкімнің күн сайынғы тікелей міндеті. Облысқа келген әр турист жақсы әсермен қайтуы керек, – деді облыс әкімі.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...