ШҚО әкімі су жағасындағы демалыс орындарын ретке келтіруді талап етті

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қала және аудан әкімдеріне су айдындарындағы жаппай демалыс орындарының қауіпсіздігін жеке бақылауға алуды тапсырды. Жергілікті билік жағажайлар мен халық көп баратын басқа да орындарды қысқа мерзімде қауіпсіздік талаптарына сай келтіруі тиіс.

Өңір басшысы тұрғындар тыйымға қарамастан суға түсіп жүрген орындарға ерекше назар аударды. Жыл сайын қайталанатын жағдай көрсеткендей, мәселені бір ғана «Суға түсуге тыйым салынады» деген тақтайшамен шешу мүмкін емес.

Жергілікті билік осындай әрбір учаскеге талдау жүргізіп, нақты шешім қабылдауы керек: не қауіпсіз шомылуға жағдай жасау, не тұрақты патруль ұйымдастырып, адамдардың суға түсуіне физикалық тұрғыда тосқауыл қою.

– Қала және аудан әкімдеріне су айдындарындағы жаппай демалыс орындарын қысқа мерзімде қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай келтіруді тапсырамын. Тыйымға қарамастан адамдар үнемі суға түсетін әрбір орынға талдау жүргізіп, шешім қабылдау қажет. Яғни оны қауіпсіз пайдалануға жағдай жасау немесе тұрақты патруль ұйымдастырып, суға түсу мүмкіндігін болдырмау керек, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Әкім бірінші жағалау сызығында орналасқан демалыс базаларының нақты иелеріне жағажай аумақтарын бекітуді де талап етті. Осылайша билік жағалауды жұрттың бәрі пайдаланғанымен, оның қауіпсіздігі мен тәртібіне ешкім ресми түрде жауап бермейтін үйреншікті жағдайдан арылуды көздеп отыр.

Қалалар мен аудандарда тұрғындар арасында профилактикалық жұмысты күшейту қажет. Полиция, құтқарушылар және жергілікті атқарушы органдар су жағасындағы демалыс орындарында күн сайын рейд жүргізеді.

– Тағы да атап өтемін, адам өмірі – статистика емес. Әрбір қайғылы оқиғаның артында отбасы, балалар мен ата-аналар тұр. Сондықтан әр әкімнен бұл мәселені жеке бақылауына алуды талап етемін. Шомылу маусымы аяқталғанша жаңа қайғылы жағдайларға жол бермеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, – деді өңір басшысы.

Енді жергілікті әкімдерден өткізілген түсіндіру жұмыстары мен таратылған жадынамалар туралы кезекті есеп емес, жағалаудағы нақты бақылау күтіледі. Шомылу маусымы әлі жалғасып жатыр. Демек, тапсырмалардың орындалуын қағаз жүзінде емес, тікелей су жағасында тексеруге тура келеді.

Новые статьи

Сдерживание инфляции и новые рабочие места: что обсудили на заседании акимата ВКО

Сегодня под председательством акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова прошло заседание акимата. В нем приняли участие акимы городов и районов, руководители областных управлений и департаментов....

Инфляцияны тежеу, жаңа жұмыс орындарын ашу: ШҚО әкімдігі отырысында не айтылды?

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтті. Оған қала, аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында әлеуметтік маңызы...

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...