Бұқтырма жағалауында туристерге қолайлы жағдай жасалып келеді

Алтай ауданындағы Жаңа Бұқтырма кентінде коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл республикалық бюджеттен квартал ішілік жылу желілерін жаңартуға 5 млрд теңге бөлінді. Ал 2024 жылы мұнда магистральдық жылу желілері толықтай ауыстырылып, пайдалануға берілген болатын.

Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып қана қоймай, Шығыс Қазақстандағы негізгі туристік бағыттардың бірі саналатын Бұқтырма жағалауына келетін демалушылар үшін де қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

– Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі тапсырмасы — біздің жұмысымыздың негізгі бағыты. Осы тапсырма аясында 2024 жылдан Жаңа Бұқтырма кентін абаттандыру бойынша ауқымды жобаны іске асыруды бастадық. Үш жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Орталық алаң мен оған іргелес аумақтар абаттандырылып, құрғақ және классикалық екі субұрқақ орнатылды, жағажай ретке келтірілді. Жанармай құю бекеті мен балалар ойын алаңдарының маңында санитарлық-гигиеналық тораптар салынды. Сонымен қатар қоқыс шығару мәселесі де толық шешімін тапты. Бұқтырма жағалауы мен Көгілдір шығанақтағы барлық демалыс базалары қоқыс шығару бойынша келісімшарт жасасты. Бұл жұмыс орталықтандырылған тәртіппен, бірыңғай тариф бойынша жүргізілуде. Соның нәтижесінде Жаңа Бұқтырма мен оған жақын ауылдардың тұрғындары бұрынғыдай қоқыс мәселесінен зардап шекпейді, – дейді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.

Жаңа Бұқтырма кентін қайта жаңғырту және абаттандыру жобасы бірнеше функционалдық аймақты қамтиды. Бірінші аймақта жаяу жүргіншілерге арналған Арбат пен орталық жағажай абаттандырылды.

Екінші аймақта – саябақ пен ескерткіш маңында қолданыстағы монумент қайта жаңартылып, ұзындығы 144 метр болатын жаяу жүргіншілер жолы мен ескерткіш алдындағы алаң ретке келтірілді.

Үшінші аймақ белсенді демалысқа (workout) арналған. Мұнда баскетбол, үстел теннисі және шағын футболға арналған үш спорт алаңы салынды. Сондай-ақ ролик, самокат және BMX велосипедтерімен сырғанауға арналған памп-трек пайдалануға берілді.

Төртінші аймақ Мәдениет үйінің жанында орналасқан. Мұнда жалпы ұзындығы 604 метр болатын жаяу жүргіншілер жолының жабыны жаңартылып, ескі, пайдаланылмай тұрған субұрқақтың орнына жаңа жарықтандырылған субұрқақ орнатылды. Барлық жұмыстарды мердігер ұйым – «AST Qurylys 22» ЖШС жүзеге асыруда.

Қазіргі уақытта Абай көшесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 60 пайызы аяқталды. Жалпы ұзындығы 3,8 шақырым жолдың 3 шақырымына асфальт төселген.

Алтай ауданы әкімінің айтуынша, туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлермен де жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Олармен 17 меморандум жасалып, салық мөлшерлемесі 4 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілді. Кәсіпкерлер кентті абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. Олардың бірі Жаңа Бұқтырмада демалушылардың сүйікті демалыс орнына айналған шолу дөңгелегін орнатты.

Қабылданған шаралардың нәтижесі нақты көрсеткіштерден көрінеді. Егер 2023 жылы жергілікті бюджетке туризм саласынан 63 млн теңге түссе, өткен жылы бұл көрсеткіш 450 млн теңгеге дейін өсті.

Новые статьи

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...

Шығыс Қазақстанда Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

Облыс орталығында Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шахмат жарыстарының бірі саналады. Биылғы турнирге әлемнің...