Премьер-министр көлік құралдарын заңсыз әкелудің алдын алу шаралары жөнінде тапсырма берді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл, кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, он күн мерзімде Қазақстанға автокөліктерді заңсыз әкелудің алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

— Қолда бар деректерге сәйкес еліміздің аумағына көлік құралдарын заңсыз әкелу фактілері әлі де тіркелуде. Мұндай көліктердің басым бөлігі техникалық және экологиялық талаптарға сай келмейді. Бұл, соның ішінде кедендік заңнама нормаларын құқықтық қолдану тәжірибесіндегі олқылықтарға да байланысты. Қаржы министрлігі Өнеркәсіп министрлігімен бірге он күн ішінде автокөліктердің ел аумағына заңсыз әкелінуіне жол бермеу жөнінде шаралар кешенін әзірлесін. Қолданыстағы заңнамалық нормаларды түсіндіру барысында нақты әрі айқын ұстаным болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мен техникалық реттеу саласындағы тиісті тәсілдер осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс. Қабылданып жатқан барлық шаралар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Новые статьи

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...

Шығыс Қазақстанда Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

Облыс орталығында Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шахмат жарыстарының бірі саналады. Биылғы турнирге әлемнің...