Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін халықаралық компанияларды тарту жөнінде тапсырма берді

Мемлекет басшысы электромобильдер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Премьер-министр Олжас Бектенов электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

Тиісті инфрақұрылымды одан әрі кеңейтіп, жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

— Халықаралық энергетика агенттігінің деректеріне сәйкес, 2030 жылға қарай электромобильдердің әлемдік автокөлік сатылымындағы үлесі 40%-дан асады. Жаһандық автоөнеркәсіп саласы да белсенді түрде электр жүк көліктерін пайдалануға көшуде. Бүгінде еліміздің негізгі күре жолдарының бойында электр көліктерін қуаттайтын 70-ке жуық станса жұмыс істеп тұр. Жақында Car Park Transformer компаниясымен 2030 жылға дейін жол бойында сервистік қызмет көрсетуге арналған 250 станса салу бойынша инвестициялар туралы келісім бекітілді. Алдағы уақытта да жаңа инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасай отырып, тиісті инфрақұрылымды белсенді дамыту қажет. Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, электр қуаттау стансалары желісін дамыту үшін ірі халықаралық компанияларды тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...