Елімізде өндірілген техника өрт қаупі жоғары кезеңде тиімді пайдаланылуда — Олжас Бектенов

QazTehna кәсіпорнында автобус, коммерциялық және арнайы техника өндірісін локализациялау деңгейін екі есеге жуық арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Александр Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

— 2026 жылы 4 млрд теңге инвестициямен жеке штамптау өндірісінің жобасы жүзеге асырылды. Өндіріс Qarmet компаниясы өндірген болатты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бұл жергіліктендіру деңгейін қосымша 11%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар автобустарға арналған компоненттер өндірісін іске қосу жоспарланып отыр. 2026 жылғы шілдеде жылына 25 мың дана жолаушылар орындығын шығаратын өндіріс, ал қарашада жылына 1,5 мың жиынтық тұтқа өндіру желісі іске қосылды. Сонымен қатар аккумуляторлар мен шиналар өндірісін локализациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, — деді Александр Цой.

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда өндірілетін арнайы техниканың тиімділігі мен маңыздылығын атап өтті.

— Қазір, өздеріңіз білетіндей, өрт қаупі жоғары кезең. Ауа температурасы да күрт көтеріліп отыр. Осы ретте QazTehna зауытында шығарылған заманауи өрт сөндіру техникалары үлкен көмек көрсетуде. Аталған техникалар кеше ғана «Семей орманы» аумағында өрт сөндіру жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанда шығарылған техниканың ел игілігіне тиімді пайдаланылып жатқаны қуантады, — деді Премьер-министр.

Новые статьи

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...

Шығыс Қазақстанда Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

Облыс орталығында Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шахмат жарыстарының бірі саналады. Биылғы турнирге әлемнің...