KIA Qazaqstan Қазақстанда автомобиль өндірісін локализациялау деңгейін арттырады

Kia Qazaqstan компаниясы қазақстандық және халықаралық әріптестермен бірлесіп автобөлшектер шығаруды кеңейте отырып, өндірісті локализациялау деңгейін арттыруды жалғастырады. Бұл туралы Үкіметтің отырысында компанияның бас директоры Ким Де Ки хабарлады.

Оның айтуынша, локализация компания дамуының стратегиялық бағыттарының бірі. Kia компаниясының қолдауымен Қазақстанда электр сымдарын, автокөлік орындықтарын, интерьер элементтерін және басқа да бөлшектерді өндіру бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Осы жылдың соңына дейін Kia компаниясы автомобильдерін локализациялау деңгейін арттыруды жоспарлап отыр.

Ким Де Ки атап өткендей, компания үшін локализациялау қазақстандық қамту үлесінің өсуін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кооперацияны дамытуды, елдің өнеркәсіптік базасын нығайтуды, заманауи технологияларды енгізуді және отандық жеткізушілердің тұрақты желісін қалыптастыруды білдіреді. Бұл Қазақстанның автомобиль саласын одан әрі дамытуға негіз болады.

Бүгінгі таңда кәсіпорын сенімді дамып келеді және жоспарланған өндірістік көрсеткіштерге дәйекті түрде қол жеткізуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 9 772 автомобиль өндірілді, бұл ретте өндірістің негізгі көлемі локализациялаудың анағұрлым жоғары деңгейін және өндірістік құзыреттерді дамытуды қамтамасыз ететін CKD технологиясына тиесілі.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...