Шығыс Қазақстан облысында қаруды заңсыз сақтау деректерін анықтап, оның жолын кесуге және оны қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Іс-шара басталғалы бері тәртіп сақшылары заңсыз айналымнан 7 бірлік атыс қаруын тәркіледі. Бұл бағыттағы тексеру жұмыстары жалғасуда.
Тексеріс барысында 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтқанда, 5 дерек қаруды заңсыз сақтауға қатысты болса, 13 тұрғын сақтау шарттарын бұзған, ал тағы 7 азамат қаруды тіркеу қағидаларын сақтамаған.
«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 31 шілдеге дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері қару иелерін тексеріп, заңбұзушылықтарды анықтау және қарудың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу бағытында қажетті шаралар қабылдауда.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қару иелеріне заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Қаруды сақтау, тіркеу және пайдалану қағидаларын бұзған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

