ШҚО-да Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтардың біріне Түркістан сілеусінінің (Lynx lynx isabellinus) су ішіп жүрген сәті түсіп қалды.

Бұл – ұлттық парк аумағында сирек кездесетін жануарлардың тұрақты мекендейтінін және табиғи ортаның қолайлы сақталғанын дәлелдейтін маңызды деректердің бірі. Түркістан сілеусіні – мысық тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Ол кәдімгі сілеусіннің Орталық Азияда таралған түр тармағы болып саналады. Қазақстанда өте сирек кездесетіндіктен, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауына алынған.

— Ұлттық парктің орманды-таулы алқаптары мен жартасты шатқалдары бұл аңның тіршілік етуіне қолайлы мекен саналады. Сақ әрі жасырын тіршілік ететін сілеусін адамдардың көзіне өте сирек түседі. Сондықтан фототұзақтарға тіркелген әрбір бейнематериал оның таралу аймағын, мінез-құлқын және санын бақылауға мүмкіндік беретін құнды ғылыми ақпарат. Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Түркістан сілеусінін қорғау және оның табиғи мекенін сақтау мақсатында тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Сирек кездесетін жыртқыштың фототұзақтарға тіркелуі парк экожүйесінің тұрақтылығын көрсетіп қана қоймай, еліміздің биоалуантүрлілігін сақтауға бағытталған табиғат қорғау шараларының нәтижелі екенін де дәлелдейді, — дейді орнитолог, мемлекеттік инспектор Қабыл Минар.

Новые статьи

ШҚО әкімі өңірді аязды қысқа дайындауды тапсырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов алдағы қысқа дайындықты қазірден бастап толыққанды жүргізуді тапсырды. Оның айтуынша, биылғы қыс ұзақ әрі аязды болуы мүмкін. Сондықтан...

В Восточном Казахстане проходит международный шахматный турнир Oskemen Open 2026

В областном центре состоялось торжественное открытие международного шахматного турнира Oskemen Open 2026. Он считается одним из крупнейших шахматных соревнований в Центральной Азии. В этом году...

Аким ВКО поручил готовить регион к морозной зиме

Аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов поручил уже сейчас начать полноценную подготовку региона к предстоящей зиме. По его словам, она может оказаться затяжной и морозной,...

Шығыс Қазақстанда Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр

Облыс орталығында Oskemen Open 2026 халықаралық шахмат турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шахмат жарыстарының бірі саналады. Биылғы турнирге әлемнің...