Қазақстанда креативті индустрияға жататын қызмет түрлерінің тізімі кеңейтілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Мәдениет және ақпарат министрлігі креативті индустрияны дамыту және саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Нәтижесінде креативті индустрияға кіретін экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚЖЖ) саны 43-тен 53-ке дейін ұлғайды.

Тізімге мынадай қызмет түрлері енгізілді:
•«Веб-порталдар қызметі»;
•«Радиохабар тарату»;
• «Мәдениет саласындағы білім беру»;
• «Жарнама агенттіктерінің қызметі»;
• «Кітап басып шығару»;
• «Өзге де баспа қызметі»;
• «Кинофильмдер, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату қызметі»;
• «Кинофильмдерді көрсету қызметі»;
• «Өзге де полиграфиялық өндіріс»;
• «Тығыннан, сабаннан және өруге арналған материалдардан бұйымдар өндіру».

Тізімнің кеңеюі креативті индустрия субъектілерінің аясын нақты айқындауға, олардың мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануына жол ашуға, саланың ашықтығын арттыруға әрі шығармашылық кәсіпкерліктің дамуына қосымша серпін беруге мүмкіндік береді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...