Қазақстандық оқушылар экономика олимпиадасында бес медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар Қытай Халық Республикасының Сучжоу қаласында 12–20 шілде аралығында өткен IEO 2026 экономика жөніндегі халықаралық олимпиадасында бес медаль жеңіп алды.

Зияткерлік сайысқа әлемнің 61 елінен 300-ге жуық оқушы қатысты. Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және бір қола медаль иеленді.

Алтын медальді Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушысы Мұхтархан Батырхан жеңіп алды. Ол экономика жөніндегі халықаралық олимпиаданың екі дүркін алтын медаль иегері атанды.

Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 11-сынып оқушылары Дінмұхаммед Кемелов пен Альтаир Жапаров, сондай-ақ Алматыдағы «Мирас» халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Аружан Сұлтанбек күміс медаль иеленді.

Қола медальді Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS-тің 10-сынып оқушысы Темірлан Қуанышбек жеңіп алды.

Ұлттық құраманы «Teenvestor» мектебінің директоры әрі құрама жаттықтырушысы Руслан Мулдашев пен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Зере Жарлағапова дайындады.

Экономика жөніндегі халықаралық олимпиада экономика, қаржы және бизнес салаларын зерттейтін оқушыларды біріктіреді. Қатысушылар теориялық білімдерін ғана емес, аналитикалық ойлау қабілетін және нақты жағдайларда шешім қабылдау шеберлігін де көрсетеді.

Қазақстан құрамасының 61 елдің өкілдері арасындағы нәтижесі оқушылардың жоғары дайындық деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...