Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін бір жүйе арқылы пайдалануға мүмкіндік береді.

Платформа жеке және заңды тұлғалардың пайдалануына арналған. Олардың қатарында авторлар, дизайнерлер, суретшілер, фотографтар, музыканттар, қолөнершілер және өзге де креаторлармен қатар, шығармашылық студиялар, бірлестіктер, агенттіктер, продюсерлік орталықтар мен креативті индустрия саласында жұмыс істейтін ұйымдар бар.

Енді креативті индустрия өкілдері www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөлімі арқылы тіркеліп, жеке кабинетін ашып, платформадағы цифрлық сервистерді пайдалана алады.

Тіркеуден өткен пайдаланушылар өз профилін басқаруға, жобалары мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат орналастыруға, хабарламалар алуға және мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға өтінім береді.

QazaqCreative платформасында грант бағдарламалары, жобаларды қаржыландыру тетіктері, білім беру және акселерациялық бағдарламалар, консультациялық, сараптамалық, ақпараттық әрі цифрлық қолдау құралдарына дейінгі ақпарат ұсынылады. Сондай-ақ пайдаланушылар байқауларға, питчинг сессияларына, форумдарға, көрмелерге және өзге де салалық іс-шараларға қатыса алады.

Платформаға тіркелу үшін www.qazaqculture.com порталындағы QazaqCreative бөліміне өтіп, тіркеу нысанын толтырып, қажетті мәліметті енгізу қажет. Модерациядан өткеннен кейін пайдаланушының жеке кабинеті ашылады.

Платформа еліміздегі креаторлардың өнімдері мен қызметтеріне қызығушылық танытқан көпшілікке де арналған.

QazaqCreative платформасы Қазақстанның креативті экономикасының жетілдірудегі бірегей бастама болмақ. Алдағы уақытта Креативті индустрияларды дамыту қоры еліміздегі креаторларды қолдау, шығармашылық кәсіпкерлікті дамыту, саладағы жобаларды ілгерілету және ұлттық креативті индустрияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...