Марқакөл табиғи қорығының 50 жылдығы кең көлемде атап өтілмек

Марқакөл табиғи қорығының 50 жылдығы кең көлемде атап өтілмек

31 шілде күні Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығына арналған «Марқакөл – шығыстың маржаны» атты ауқымды туристік-мәдени іс-шара өтеді. Мұндағы басты мақсат – Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныту, экологиялық туризмді дамыту, табиғи мұраны сақтау және Марқакөлдің бірегей табиғатын насихаттау.

Мерейтой аясында ауданның тұмса табиғаты мен терең мәдениетін таныстыратын көрме ұйымдастырылып, қорық қызметкерлерін марапаттау рәсімі болады. Сонымен қатар көпшілік назарына поэзия фестивалі, ақындар айтысы, ғылыми-тәжірибелік конференция, қорықтың 50 жылдығына орай жарық көрген кітаптың тұсаукесері, дөңгелек үстел отырысы және мерекелік концерт ұсынылады. Қонақтар үшін арнайы экскурсиялық бағдарлама да әзірленген.

️Айта кетейік, Марқакөл – Қазақстандағы табиғаты ең көркем аймақтардың бірі. Биік таулардың баурайында орналасқан мөлдір көл, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, қайталанбас экожүйесі бұл ауданды табиғат жанашырлары мен саяхатшылар үшін ерекше мекенге айналдырып отыр.

«Марқакөл – шығыстың маржаны» фестивалі экологиялық туризмді дамытуға тың серпін беріп қана қоймай, Шығыс Қазақстанның елдегі жетекші туристік бағыттардың бірі ретіндегі беделін нығайтуға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мәселесіне қоғам назарын аударуға мүмкіндік бермек.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

Некачественные семена и пестициды бьют по репутации страны

Отдельную тревогу вызывает контроль за ГМО и средствами защиты растений. руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев утверждает, что из-за недостаточных фильтров на рынок попадает семенной...