Өскемендегі котловандар жағажайын абаттандыру жұмыстары жақын арада аяқталады

Облыс орталығындағы котловандар аумағында орналасқан қалалық жағажайды абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Мұнда тас төсеу жұмыстары аяқталып, санитарлық-гигиеналық модуль, заманауи киім ауыстыратын кабиналар мен демалуға арналған тенттер орнатылды.

Қала әкімі Алмат Ақышов жағажайға барып, шомылу маусымында қауіпсіздіктің қалай қамтамасыз етіліп жатқанын және санитарлық талаптардың сақталуын тексерді.

– Қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Құтқарушылардың жұмысы, кезекшілікті ұйымдастыру, аумақтың тазалығы мен санитарлық нормалардың сақталуы ерекше бақылауда. Мұнда алкогольдік ішімдіктерді ішуге тыйым салатын белгілер орнатылады. Мас күйдегі адамдар анықталған жағдайда полиция жасағы шақырылады. Жағажайда темекі шегуге де тыйым салынған. Ол үшін арнайы орын жабдықталған, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.

Сондай-ақ қала басшысы жағажайда ойын автоматтарының заңсыз орнатылу мәселесін реттеуді, ал коммуналдық қызметтерге демалыс аймағынан қоқысты уақытылы шығаруды тапсырды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...