ШҚО-да «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік жоспары жаңартылды

Шығыс Қазақстан облысында 2029 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік жоспары жаңартылды. Құжаттағы негізгі жобалардың бірі – Өскемен қаласында пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған экологиялық эко-тракты іске қосу.

Жылжымалы кешен шредер, экструдер және пластик қалдықтарын сол жерде-ақ қайта өңдеуге мүмкіндік беретін өзге де заманауи жабдықтармен қамтылады.

– Эко-трак қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін дамытуға және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған нақты жобалардың бірі болады, – делінген өңірлік жоспарда.

Бұдан бөлек, облыста қалдықтарды басқару инфрақұрылымын кеңейту көзделген. Алтай және Шемонаиха аудандарында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу бойынша екі жоба жүзеге асырылмақ.

Құжатқа сәйкес, 2029 жылға қарай Шығыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 28 пайыздан 33 пайызға дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар тұрғындардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін 49 пайыздан 55,2 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Аймақта экологиялық бақылауды күшейту шаралары да қарастырылған. 2027 жылдың соңына дейін облыс аумағында экологиялық заңбұзушылықтарды тіркейтін 500 бейнекамера орнату жоспарланса, Өскеменде атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын қосымша автоматтандырылған мониторинг бекеті іске қосылады.

Новые статьи

В Казахстане запущена единая цифровая платформа QazaqCreative для представителей креативных индустрий

Корпоративный фонд «Фонд развития креативных индустрий» при поддержке Министерства культуры и информации РК запустил единую цифровую платформу QazaqCreative, предназначенную для представителей креативных индустрий. Платформа создана...

Қазақстанда креативті индустрия өкілдеріне арналған бірыңғай QazaqCreative цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Креативті индустрияларды дамыту қоры QazaqCreative бірыңғай цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа цифрлық платформа креаторларға мемлекеттік қолдау тетіктерін...

Өскеменде ҚР Президенті Телерадиокешенінің «Шежіреден болашаққа» республикалық кинолекториясы басталды

Өскеменде «Шежіреден болашаққа» республикалық деректі кино апталығы басталды. Жоба көрермендерді адамдар, тарихи оқиғалар және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызды кезеңдер туралы баяндайтын авторлық фильмдермен таныстырады. Кинолекторий...

Республиканский кинолекторий ТРК Президента РК «От хроники к будущему» в Усть-Каменогорске

В Усть-Каменогорске стартовала республиканская неделя документального кино «От хроники к будущему». Проект знакомит зрителей с авторскими фильмами, рассказывающими о людях, исторических событиях и важных...