ШҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1 700-ден астам ЖҚЕ бұзушылығын анықтады

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараның жеті күні ішінде полиция қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларын бұзудың 1 700-ден астам фактісін анықтады. Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, өңір жолдарынан көлік құралдарын масаң күйде басқарған 20 жүргізуші шеттетілді. Олардың арасында бұған дейін көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды.

Сонымен қатар, қарсы бағытқа шығудың 23 фактісі және белгіленген жылдамдықты асырудың 620 оқиғасы тіркелді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген талаптарға сай келмейтін 186 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды. Арнайы тұрақтарға 105 техника бірлігі, оның ішінде 28 электр самокаты мен 18 мотокөлік қойылды.

Іс-шара барысында заңсыз жолаушылар тасымалын анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері такси қызметін заңсыз көрсетудің 87 фактісін жолын кесіп, жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 8 оқиғасын анықтады.

Жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін полиция қызметкерлері заманауи техникалық құралдарды, соның ішінде жылдамдықты өлшейтін мобильді кешендер мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланады. Бұл құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға және тәртіп бұзушыларға қатысты тиісті шаралар қолдануға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол қозғалысына қатысушылардың әрқайсысының жауапкершілік танытуы – өңір жолдарындағы қауіпсіздіктің кепілі.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...