Жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген: Зайсандық тұрғын 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды

Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген уәдемен жасалған алаяқтық фактісі тіркелді.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы туған Зайсан қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, танысы жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деп, оның 6 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткенін айтқан.

Жәбірленушінің айтуынша, биыл ақпан айында ол Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызмет өткерген танысымен қайта араласа бастаған. Әңгіме барысында ер адам өзін Алматы қаласындағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесе алатынын жеткізген.

Оның сөзіне сенген азамат алдымен келісілген соманы аударған. Кейін танысы әртүрлі себептер айтып, бірнеше рет қосымша ақша сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылған. Ақшаның бір бөлігі белгісіз тұлғалардың есепшоттарына аударылған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тез арада немесе заңсыз жолмен рәсімдеп беремін деген адамдарға сенбеуге, ақпараттың дұрыстығын тексермей ақша аудармауға шақырады.

Новые статьи

В ВКО стартовало оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом»

В Восточно-Казахстанской области с 7 по 8 августа проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом». Его основная цель — предупреждение правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений,...

ШҚО-да бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлар отыр. - Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның...

В Казахстане утвердили перечень малоизученных территорий для разведки нефти и газа

В Казахстане утвержден перечень малоизученных участков недр, которые могут быть предоставлены для разведки и добычи углеводородов. Решение принято министерством энергетики совместно с министерством промышленности...

Генпрокуратура расследует дело о крупной схеме экономической контрабанды из Китая

Генеральная прокуратура Казахстана проводит досудебное расследование в отношении предполагаемой организованной преступной группы, которая длительное время занималась экономической контрабандой товаров из Китая. По данным следствия, в...