Алаяқтарға қарсы бірлескен күрес: полиция мен банктер өзара іс-қимылды нығайтуда

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметі өкілдерінің қатысуымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті.

ШҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Болат Нұрсейітов интернет-алаяқтықтың азаматтар үшін ең өзекті және қауіпті мәселелердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Полиция тарапынан атқарылып жатқан алдын алу жұмыстарына қарамастан, қылмыскерлер заманауи технологиялар мен әлеуметтік инженерия әдістерін қолдана отырып, алдау схемаларын үнемі жетілдіріп отыр.

Кездесу барысында қатысушылар алаяқтықтың ең көп таралған схемалары мен клиенттерді қорғау шараларын талқылады, сондай-ақ қарт адамдардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Банктерге несие рәсімдеу, ірі көлемде қолма-қол ақша алу және күдікті операцияларды жүргізу кезінде бақылауды күшейту, сондай-ақ клиенттің алаяқтардың ықпалында жүргенін дер кезінде анықтау үшін қызметкерлердің біліктілігін арттыру ұсынылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жедел ақпарат алмасуды күшейтуге, бірлескен алдын алу жұмыстарын жалғастыруға және күдікті қаржылық операциялар кезінде автоматтандырылған дауыстық ескертулерді енгізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...