ШҚО спортшысы Ернат Кенесбек дзюдодан Азия чемпионы атанды

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ернат Кенесбек кадеттер арасында дзюдодан өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жарыс 16–17 шілде күндері Иордания астанасы Амман қаласында өтті.

Ернат 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Шығысқазақстандық спортшы барлық қарсыласын сенімді жеңіп, Азия чемпионы атанды. Оны халықаралық додаға бапкер Жандос Сайлаубеков дайындады.

Бұл Ернат Кенесбектің алғашқы ірі жүлдесі емес. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, Грузияда өткен Еуропа кубогында да екінші орын алған. Аммандағы жеңіс оның табысты өнер көрсету сериясын жалғастырды.

Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Ернат Кенесбек пен Жандос Сайлаубековті жеңісімен құттықтап, әлемдік аренада жаңа жетістіктерге жетіп, Олимпиада шыңдарын бағындыруды тіледі.

Новые статьи

Более 1 700 нарушений ПДД выявили полицейские ВКО в ходе ОПМ «Безопасная дорога»

В Восточно-Казахстанской области продолжается оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасная дорога», направленное на предупреждение дорожно-транспортных происшествий и повышение дисциплины среди участников дорожного движения. За шесть дней проведения ОПМ...

ШҚО полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1 700-ден астам ЖҚЕ бұзушылығын анықтады

Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Іс-шараның жеті күні ішінде полиция...

Обещал водительское удостоверение: житель Зайсана лишился более 6,6 млн тенге

В Зайсанском районе зарегистрирован факт мошенничества, связанный с обещанием оказать содействие в получении водительского удостоверения. По данным следствия, житель города Зайсан 2005 года рождения обратился...

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп уәде берген: Зайсандық тұрғын 6,6 млн теңгеден астам қаржысынан айырылды

Зайсан ауданында жүргізуші куәлігін рәсімдеуге көмектесемін деген уәдемен жасалған алаяқтық фактісі тіркелді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2005 жылы туған Зайсан қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, танысы жүргізуші...