Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы заманауи санитарлық-гигиеналық модуль Самар ауданында орнатылды

Самар ауданында туристік инфрақұрылымды дамыту және өңір тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – демалыс орындарын абаттандыру және ауылдың келбетін жақсарту жұмыстары жүргізіліп жатқан Миролюбовка ауылында Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы заманауи санитарлық-гигиеналық модульдің орнатылуы болды.

Модуль берік, вандализмге төзімді материалдардан жасалған, жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті барлық құралдармен жабдықталған әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пайдалануына толық бейімделген. Оның басты ерекшеліктерінің бірі – интеллектуалды жүйе. Санитарлық торап пайдаланылып жатқан кезде кіріктірілген қозғалыс датчиктерінің көмегімен әйнегі автоматты түрде түсін өзгертіп, оның бос емес екенін көрсетеді.

Модульді пайдалану ақылы негізде жүзеге асырылады. Қызмет құны – символикалық 100 теңге. Түскен қаражат нысанның тазалығын сақтауға, тұрақты техникалық қызмет көрсетуге және оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады.

Модульге қызмет көрсететін кәсіпкерлердің айтуынша, жаңа нысан демалушылар арасында сұранысқа ие болып үлгерген.

– Демалысқа бара жатқан жолымызда осы тамаша орынды көрдік. Осындай жоғары деңгейдегі сервисті ұйымдастырған аудан басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Ауылдық жерде туристерге осындай қамқорлық жасалып жатқаны біз үшін күтпеген әрі өте жағымды әсер қалдырды, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Марина.

Айта кету керек, мұндай заманауи санитарлық-гигиеналық модульдер Қазақстанда енді ғана кеңінен қолданыла бастады. Олар негізінен ірі қалалар мен туристік бағыттарда орнатылуда. Енді осындай жоғары деңгейдегі сервис Самар ауданының тұрғындары мен қонақтарына да қолжетімді болды.

Туризм саласын дамыту – Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттардың бірі. Самар ауданында бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және аудан басшылығының қолдауымен жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде туристік нысандарға апаратын автомобиль жолдары кезең-кезеңімен жөнделіп, инженерлік инфрақұрылым дамытылуда, ұялы байланыс желісінің қамту аумағы кеңейтілуде. Сонымен қатар Миролюбовка ауылында медициналық пункт жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда оған тек жергілікті тұрғындар ғана емес, жағалауда демалып жүрген туристер де жүгінеді.

Новые статьи

Өскеменде Металлург күні атап өтілді

Облыс орталығында елде осы жексенбіде аталып өтетін Металлург күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекенің басты алаңына айналған «Восток» стадионына кешкі уақыттан бастап мыңдаған қала...

В Усть-Каменогорске отпраздновали День металлурга

В областном центре прошло торжественное мероприятие, посвященное Дню металлурга, который страна отметит уже в это воскресенье. Главной площадкой праздника стал стадион «Восток», где с...

Первый в ВКО современный санитарно-гигиенический модуль установлен в районе Самар

Район Самар продолжает последовательно развивать туристическую инфраструктуру и создавать комфортные условия для жителей и гостей региона. Очередным шагом в этом направлении стала установка первого...

Шемонаиха қаласында көшеде ер адамның мәйіті табылды

Оқиға 16 шілде күні болған. Куәгерлердің айтуынша, дүкенге тауар жеткізіп келген ер адам көшеде кенеттен қайтыс болды. Аталған оқиғаға қатысты Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің...