Қазақстан колледждеріне 55 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына колледждерге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 55 мыңға жуық талапкер өтініш берген.

Биыл өңір әкімдіктері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 140 мың грант бөлді. Орындардың басым бөлігі еңбек нарығында ерекше сұранысқа ие техникалық мамандықтарға бағытталды.

Колледждерде жаңа бағыттар бойынша мамандар даярлау да қолға алынды. Олардың қатарында «Жасанды интеллект технигі», «Мехатроника», «Жаңартылатын энергетика», «Графикалық анимация технигі» және «Экологиялық туризм менеджері» мамандықтары бар.

Құжаттарды eGov.kz порталы арқылы немесе таңдаған колледжге тікелей тапсыруға болады. Әр талапкер 4 мамандық пен 4 колледжге дейін таңдай алады.

Азаматтардың бірқатар санаты үшін квота қарастырылған. Ауыл жастарына орындардың 35%-ы, мүгедектігі бар адамдарға 10%-ы, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға 5%-ы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 1%-ы бөлінген. Заңнамада азаматтардың тағы 6 санатына квота қарастырылған. Тиісті санатты eGov.kz порталында өтініш берген кезде көрсетуге болады.

Құжат қабылдау мерзімі таңдаған мамандыққа байланысты. Жұмысшы біліктіліктеріне құжаттар 27 тамызға дейін қабылданады. Талапкерлер оқуға түсу емтихандарын тапсырмайды, олар әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Орта буын мамандықтарына құжаттарды 20 тамызға дейін тапсыруға болады. Конкурс 23–24 тамызда аттестаттың орташа балы негізінде өтеді.

Педагогикалық және медициналық мамандықтарға құжат қабылдау 10 тамызға дейін жалғасады. Конкурс 16–17 тамызда өтеді. Педагогикалық мамандықтарға түсушілер әңгімелесуден өтіп, эссе немесе диктант жазады. Медициналық мамандықтар үшін арнайы емтихандар, ал шығармашылық мамандықтар үшін шығармашылық емтихандар қарастырылған.

Іріктеу Ұлттық білім беру деректер базасының ақпараттық жүйесі арқылы автоматтандырылған тәртіппен жүргізіледі. Мұндай тәсіл конкурстың ашықтығын қамтамасыз етіп, адам факторының ықпалын азайтуға тиіс.

Ақылы бөлімге құжаттар 27 тамызға дейін, кешкі және сырттай оқу нысандарына 20 қыркүйекке дейін қабылданады.

Осылайша, 9 және 11-сынып түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықты тегін меңгере алады.

Новые статьи

В ВКО стартовало оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом»

В Восточно-Казахстанской области с 7 по 8 августа проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Безопасный дом». Его основная цель — предупреждение правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений,...

ШҚО-да бейнебақылау камералары 16 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады

Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлар отыр. - Жедел басқару орталықтарындағы камералардың арқасында осы жылдың жеті айында 16 289 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның...

В Казахстане утвердили перечень малоизученных территорий для разведки нефти и газа

В Казахстане утвержден перечень малоизученных участков недр, которые могут быть предоставлены для разведки и добычи углеводородов. Решение принято министерством энергетики совместно с министерством промышленности...

Генпрокуратура расследует дело о крупной схеме экономической контрабанды из Китая

Генеральная прокуратура Казахстана проводит досудебное расследование в отношении предполагаемой организованной преступной группы, которая длительное время занималась экономической контрабандой товаров из Китая. По данным следствия, в...