Елордадағы үй зертханаларынан 20 келіге жуық есірткі тәркіленді

Жыл басынан бері Астана полицейлері тұрғын үйлерде ұйымдастырылған төрт фитозертхананың жұмысын тоқтатты. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 20 келі болды.

Заңсыз зертханалар «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталды. Полицияның мәліметінше, қала тұрғындары пәтерлер мен жекелеген бөлмелерде құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған арнайы орындар жабдықтаған.

Олар өсімдіктерді өсіру үшін арнайы жабдықтарды, жарықтандыру және желдету жүйелерін пайдаланған. Сондай-ақ ылғалдылықты бақылап, қажетті микроклимат қалыптастырған. Кей жағдайларда заңсыз жылыжайға тұтас пәтерлер берілсе, енді бірінде шкафтар мен бөлмелердің оқшауланған бөліктері қайта жабдықталған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде полиция қызметкерлері өсімдіктерді заңсыз өсіруге қатысы бар адамдарды анықтап, ұстады. Тінту барысында құрамында есірткі бар өсімдіктер, дайын есірткі заттары және оларды өсіруге арналған жабдықтар тәркіленді.

Анықталған барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір тергеушілер қажетті процестік әрекеттерді жүргізіп жатыр.

Полиция құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, сондай-ақ есірткі дайындау және сату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

Елордада есірткі қылмыстарын анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Новые статьи

Қазақстан колледждеріне 55 мыңға жуық талапкер құжат тапсырды

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылына колледждерге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 55 мыңға жуық талапкер өтініш берген. Биыл өңір әкімдіктері мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында...

В колледжи Казахстана подали документы около 55 тысяч абитуриентов

В Казахстане продолжается приём документов в колледжи на 2026–2027 учебный год. Заявки уже подали около 55 тысяч абитуриентов. В этом году акиматы регионов выделили 140...

ШҚО-дан Қытайға 2 640 литр дизель отынын әкетпек болған

«Майқапшағай» кеден бекетінде Қытай Халық Республикасына шамамен 2 640 литр дизель отынын заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. Жанармай төрт жүк көлігіне арнайы орнатылған қосымша...

Из ВКО пытались вывезти в Китай 2 640 литров дизтоплива

На таможенном посту «Майкапчагай» пресекли попытку незаконного вывоза в Китайскую Народную Республику около 2 640 литров дизельного топлива. Горючее спрятали в специально оборудованных дополнительных...