16 елдің шахматшылары Өскеменде Қазақстан кубогы үшін сынға түседі

21–29 шілде аралығында Өскеменде «Oskemen Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі екінші рет өтеді. Оның басты бәсекесі ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтан 2026 жылғы Қазақстан кубогының екінші кезеңі болмақ.

Фестиваль аясында екі турнир ұйымдастырылады. Masters турнирінде рейтингі кемінде 2400 болатын шахматшылар ойнайды. Бұл жарыс FIDE Circuit 2026–2027 турнирлер сериясына енді. Ал Open турниріне рейтингі 2400-ге дейінгі спортшылар қатысады.

Masters турниріне 16 елден 79 шахматшы өтінім берді. Олардың арасында 22 гроссмейстер, әйелдер арасындағы бір гроссмейстер және 29 халықаралық шебер бар. Бастапқы тізімнің көшін 2026 жылғы 1 шілдедегі рейтингі 2600-ден асатын бес гроссмейстер бастап тұр. Олар әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне қатысқан Андрей Есипенко – 2678, Испаниядан Максим Чигаев – 2648, Армениядан Шант Саргсян – 2646, Сербиядан Александр Предке – 2603 және Үндістан өкілі Адитья Миттал – 2602.

Чигаев пен Саргсян халықаралық турнирлерде бірнеше рет жеңіске жетіп, жүлделі орындардан көрінген. Предке «Aktobe Open 2024» турнирінің күміс жүлдегері атанса, Миттал «Almaty Region Open. Qonaev Cup 2025» жарысында жеңіске жетті.

Қазақстан атынан рейтингтері 2562 болатын Денис Махнёв, 2500 ұпайы бар Алдияр Ансат, Қазыбек Нөгербек – 2494, Рамазан Жалмаханов – 2478, Әлішер Сүлейменов – 2476 және Эдгар Мамедов – 2459 сынға түседі. Сондай-ақ рейтингі 2490 болатын халықаралық шебер Даниял Сапенов ойнайды.

Әйелдер арасындағы бәсекеде негізгі үміткерлер қатарында рейтингі 2483 болатын халықаралық шебер Полина Шувалова мен 16 жастағы Үндістан өкілі Шуби Гупта бар. Оның рейтингі – 2383.

Оларға рейтингі 2361 болатын әйелдер арасындағы гроссмейстер Лия Құрманғалиева, Аланна Берікқызы – 2182, Аяру Алтынбек – 2114 және әйелдер арасындағы халықаралық шебер Аяулым Қалдарова – 2029 бәсекелес болады.

Open турниріне 121 спортшы тіркелді. Осылайша, екі жарыс Өскеменде 200 шахматшыны жинайды.

Masters турнирінің кепілдендірілген жүлде қоры 45 миллион теңгені, Open жарысының жүлде қоры бес миллион теңгені құрайды. Екі турнир де швейцариялық жүйе бойынша тоғыз турдан тұрады. Уақыт бақылауы – 90+30. Қатысушыларға әр партияға 90 минут беріледі және алғашқы жүрістен бастап әр жүріске 30 секунд қосылады.

«Oskemen Open 2026» ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтан 2026 жылғы Қазақстан кубогының екінші кезеңі болады. Ақшалай жүлдеден бөлек, алғашқы 20 орынға ие болған қатысушылар Кубок есебіне ұпай алады.

Үшінші әрі қорытынды кезең 12–20 қазан аралығында Атырауда өтеді. Финал желтоқсан айында Астанада ұйымдастырылады.

Өскемендегі фестиваль екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, ШҚО әкімдігі, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, Freedom Holding Corp., Grand Games және Grand Mobile, Kazzinc, Qyzyq және Arzu компанияларының қолдауымен ұйымдастырды.

Жарыстың ақпараттық серіктестері – Бірінші арна Еуразия, DK News, Ult.kz, Sportinform.kz, Sport+, Qazsport, NewTimes, Bes.media және Курсив.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...