Қазақстан мен қытайлық САМСЕ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды талқылады

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Қытайдың САМСЕ инжиниринг корпорациясының өкілдерімен кездесті. Тараптар елдің коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін талқылады.

Қытай делегациясының құрамына корпорацияның вице-президенті Лю Шэнчэн мен Орталық Азия өңірі бойынша бас директоры Хань Сюэли кірді. САМСЕ өкілдері корпорацияның қызметі және әртүрлі елдерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәжірибесі туралы айтты. Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру нысандарын салу мен реконструкциялау жобаларын таныстырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын жаңарту болды. Министрлік өкілдері энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны таныстырды. Сонымен қатар кәріз тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстары туралы баяндады.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Керемқұлов және «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Маққа Шыңғазиева қатысты.

Келіссөз қорытындысында тараптар коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы алдағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты.

Новые статьи

16 елдің шахматшылары Өскеменде Қазақстан кубогы үшін сынға түседі

21–29 шілде аралығында Өскеменде «Oskemen Open 2026» халықаралық шахмат фестивалі екінші рет өтеді. Оның басты бәсекесі ерлер мен әйелдер арасындағы классикалық шахматтан 2026 жылғы...

Шахматисты из 16 стран сразятся за Кубок Казахстана в Усть-Каменогорске

С 21 по 29 июля Усть-Каменогорск во второй раз примет международный шахматный фестиваль «Oskemen Open 2026». Главным событием станет второй этап Кубка Казахстана 2026...

Қазақстанда жолдарға қойылатын экологиялық талаптар күшейтіледі

Қазақстанда алғаш рет автомобиль жолдарының экологиялық қауіпсіздігіне қатысты бірыңғай міндетті талаптар енгізіледі. Нормативті 2026 жылдың соңына дейін бекіту жоспарланған. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан...

В Казахстане ужесточат экологические требования к дорогам

В Казахстане впервые введут единые обязательные требования по экологической безопасности автомобильных дорог. Норматив планируют утвердить до конца 2026 года, а действовать он начнет с...