World Business Consulting қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Күдікті Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды.

Тергеу мәліметінше, әйел 2020 жылы азаматтардың ақшасын инвестициялық бағдарламаларға қатысу деген желеумен тартқан. Салымшыларға жоғары табыс уәде етілген. Алайда компанияның тиісті лицензиясы болмаған және іс жүзінде ешқандай инвестициялық операция жүргізбеген.

Ақша қолма-қол қабылданып, бухгалтерлік құжаттар рәсімделмеген. Схеманы сенімді етіп көрсету үшін салымшыларға онлайн-платформада жеке кабинеттер ашылған. Онда жалған «табыстылық» көрсетіліп отырған. Экрандағы сандар өскенмен, нақты инвестиция жасалмаған.

Жиналған қаражат қаржы пирамидасына тән классикалық тәсілмен қайта бөлінген. Бұрын тартылған қатысушыларға төлем жаңа салымшылардың ақшасы есебінен жасалған.

Клиенттік базаны кеңейту үшін ұйымдастырушылар таныстырылымдар мен үгіт-насихат шараларын өткізген. Сондай-ақ БАӘ мен Түркияға сапарларды пайдаланған.

ҚМА мәліметінше, дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында қаржы пирамидасының қызметі бастапқы кезеңде тоқтатылды.

2024 жылы күдікті халықаралық іздеуге жарияланды. Сот оған сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

2026 жылғы қаңтарда әйел Грузияда ұсталып, кейін Қазақстанға экстрадицияланды. Сот санкциясымен оның жер теліміне тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...