Өскеменде әке жас қызына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді

Облыс орталығында жас қызға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Әлеуметтік желіде жәбірленушінің анасы жұбайы олардың баласына қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін деп қауіптенетінін мәлімдеді. Бұл жазба қоғамда үлкен резонанс туғызды.

Аталған ақпараттың таралуына байланысты полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Өскемен қаласының полиция басқармасы тергеу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

– Күдіктіге қатысты заңда белгіленген тәртіппен бұлтартпау шарасы таңдалды. Кейіннен тергеу сотының қаулысымен бұлтартпау шарасы үйқамаққа өзгертілді. Тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу және процестік әрекеттер жүргізілуде, – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Полиция өкілдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты іс бойынша өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.

Новые статьи

Казахстанские спортсмены выступят во всех 43 дисциплинах Всемирных игр кочевников

Сегодня, 31 августа, в Кыргызстане стартуют VI Всемирные игры кочевников. Казахстан на международных соревнованиях представит сборная из 152 спортсменов и 49 тренеров. Казахстанские атлеты примут...

ШҚО-да қар барыстарының отбасы таспаға түсті

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орнатылған фототұзақтар қар барыстарының тіршілігінен сирек кадрларды түсіріп алды. Алдымен камераға аталық ілбіс, кейін үш күшігімен бірге жүрген аналық...

В ВКО засняли семью снежных барсов

Фотоловушки в Катон-Карагайском государственном национальном природном парке запечатлели редкие кадры из жизни снежных барсов. В объектив попали самец ирбиса, а затем самка сразу с...

ШҚО тұрғындары ауруханаға жатқызылғаны туралы кімге хабарланатынын алдын ала таңдай алады

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді шұғыл түрде ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар берілетін үш адамға дейін алдын ала көрсете алады. Жаңа тегін сервис eGov.kz порталында және...