Қазақстанда рақымшылық 590 мыңға жуық адамды қамтыды

Қазақстанда Мемлекет басшысы 1 шілдеде қол қойған рақымшылық туралы заңды іске асыру жалғасып жатыр. Құжат Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орайластырылған.

Рақымшылық ізгілік пен мейірімділіктің ауқымды көрінісіне айналды. Алайда мемлекет маңызды шектеуді де қарастырды: жеңілдік қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндірмейтін және азаматтардың құқықтарын бұзбайтын жағдайларда ғана қолданылады.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді. Ол азаматтарды заңда көрсетілген баптар бойынша салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден босатады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ішкі істер органдарының желісі бойынша рақымшылық 590 мыңға жуық адамды қамтыды. Оларға қатысты жалпы сомасы 22 миллиард теңгеден асатын 1,3 миллионнан астам әкімшілік жазаны орындау тоқтатылды.

Ведомство рақымшылықтың бір рет қана қолданылатынын ерекше атап өтті.

– Рақымшылық – ізгілікке негізделген бір реттік шара және ол болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды. Құқық бұзушылық қайталанған жағдайда кінәлілер заңнамаға толық сәйкес жауапқа тартылады. Ішкі істер министрлігі азаматтарды заңды сақтауға, айналасындағылардың құқықтарын құрметтеуге және жауапкершіліктен құтылудың ең дұрыс жолы құқық бұзбау екенін есте ұстауға шақырады. «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғамның негізі бола алады, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Осылайша, мемлекет азаматтардың ірі көлемдегі айыппұлдарын есептен шығарды. Алайда бұдан кейін жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік толық көлемде қолданылады.

Новые статьи

Казахстан и китайская САМСЕ обсудили модернизацию коммунальной инфраструктуры

Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан Куандык Кажкенов встретился с представителями Китайской корпорации инжиниринга САМСЕ. Стороны обсудили модернизацию коммунальной инфраструктуры страны. В китайскую делегацию вошли...

World Business Consulting қаржы пирамидасы ісі бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланды

Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті World Business Consulting қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Күдікті Грузияда ұсталып,...

Подозреваемую по делу финансовой пирамиды World Business Consulting экстрадировали в Казахстан

Столичный департамент АФМ завершил расследование по делу о создании и руководстве структурным подразделением финансовой пирамиды World Business Consulting. Подозреваемую задержали в Грузии и экстрадировали...

ШҚО тұрғыны ауласына қарасора плантациясын өсірген

Полицейлер Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы жеке үйдің аумағынан қарасора плантациясын анықтады. Тергеу дерегінше, жергілікті тұрғын тұқымды интернет арқылы тапсырыс беріп, өсімдіктерді фитолампаның көмегімен...