41 шығысқазақстандық 5 миллион теңгеден астам қаржысын қайтара алмай жүр

Шығыс Қазақстанда дұрыс тамақтану өнімдерін жеткізу қызметіне қатысты іс сотта қаралып жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин мәлімдеді.

Өскемен мен Риддер қалаларында қызмет көрсеткен жеке кәсіпкер тұрғындардан тапсырыс қабылдап, төлем жасалғаннан кейін, тауарды жеткізбеген әрі қаражатты қайтармаған. Салдарынан 41 тұрғынға жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Қазір департамент жәбірленушілердің мүддесін қорғап, кәсіпкерге қатысты сотқа талап арыз берген. Ведомствоның мәліметінше, биыл мұндай қоғамдық резонанс тудырған шағымдар алғаш рет тіркеліп отыр.

Новые статьи

Қорғаныс министрлігі офицерлерді даярлау жүйесін жаңартады

Қазақстандағы әскери білім беру жүйесін жаңа технологиялық талаптарға бейімдеу жоспарланып отыр. Болашақ офицерлерді даярлауда ұшқышсыз технологияларға, цифрлық құралдарға, көшбасшылық қасиеттерге, әскери ғылымға және командирлердің...

Минобороны обновляет подготовку офицеров

Военное образование в Казахстане намерены приблизить к новым технологическим реалиям. В центре подготовки будущих офицеров окажутся беспилотные технологии, цифровые инструменты, лидерские качества, военная наука...

Для частных школ в РК планируют установить фиксированный размер финансирования

Министерство просвещения Казахстана разработало поправки, предусматривающие установление фиксированного размера финансирования для частных школ, реализующих государственный образовательный заказ. Предлагаемые изменения направлены на то, чтобы стоимость обучения...

Современную литературу Казахстана представили на книжной выставке в Гуанчжоу

В рамках 30-й Южнокитайской книжной выставки в Гуанчжоу прошла специальная сессия, посвященная современной литературе Казахстана. Китайским читателям представили произведения казахстанских авторов и рассказали об...