Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің авиациясы Абай облысындағы ірі табиғи өртті сөндіруге кірісті. Тікұшақ көршілес өңірдің өтініші бойынша жіберілді.
ҚР ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіруге 600-ге жуық адам, 148-ден астам техника және жеті тікұшақ жұмылдырылған.
Авиация аумақты әуеден тексеріп, өрт ошақтарына су төгуде. Жұмыс әуеде де, жерде де жүріп жатыр.
ШҚО тікұшағы өңіраралық өзара іс-қимыл аясында тартылды. Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштердің негізгі міндеті – төтенше жағдайды жедел жою және жалынның елді мекендерге қарай таралуына жол бермеу.


