Қазақстанда көлік қауіпсіздігін арттыруға ғылым тартылады

Бас көлік прокуратурасы мен Қазақстан-Британ техникалық университеті көлік қауіпсіздігін арттыру үшін практикалық тәжірибені, ғылыми әзірлемелер мен цифрлық технологияларды біріктіреді.

Тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры Берік Жүйріктайевтің бастамасымен қол қойды. Құжат ұзақмерзімді әріптестікті көздейді. Прокуратура мен университет мамандары құқық қолдану тәжірибесін жетілдірумен, ғылыми зерттеулер жүргізумен және заманауи цифрлық шешімдерді енгізумен айналысады.

Ынтымақтастықтың жеке бағыты Қазақстан-Британ техникалық университетінің Қазақстан теңіз академиясымен бірлескен жұмыс болмақ. Бұл – Орталық Азиядағы теңіз саласына халықаралық деңгейдегі мамандар даярлайтын жалғыз мамандандырылған оқу орны. Академия сарапшыларын кеме қатынасының қауіпсіздігі, су көлігін пайдалану және теңіз инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қарауға тарту жоспарланған. Сонымен қатар олар заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге көмектеседі.

Бас көлік прокуроры Берік Жүйріктайевтің айтуынша, бүгінде ғылыми және сараптамалық қауымдастықпен тығыз байланыс орнатпай, көлік саласындағы заңдылықты тиімді қамтамасыз ету мүмкін емес. Әріптестік заманауи тәсілдерді қолдануға және қадағалау қызметін сараптамалық сүйемелдеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Халықаралық көлік дәліздері кеңейіп, Қазақстанның Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудағы рөлі артып жатқан тұста бұл ынтымақтастықтың маңызы ерекше.

Бірлескен жобалар заңдылықты нығайтып, көлік қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға және прокуратура органдарына озық тәжірибелерді енгізуге көмектесуі тиіс.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...