Инженерлер, дәрігерлер мен мемлекеттік қызметшілер әскери жиында сапқа қайта оралды

Елордада жоспарлы он күндік оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Оған запастан шақырылған 100-ден астам әскери міндетті қатысуда. Күнделікті өмірде олар инженер, дәрігер, мұғалім, мемлекеттік қызметші және кәсіпкер болып жұмыс істейді. Алайда он күнге азаматтық қызмет пен іскерлік костюмдерді кейінге қалдыруға тура келді. Енді олардың күн тәртібінде саптық, тактикалық, атыс және арнайы дайындық бар.

Әскери жиындар әскери міндеттілерге машықтарын сақтауға және жұмылдыру резервінің әзірлігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әскери қызметшілер бөлімшелердің үйлесімді әрекетіне, командирлердің шешім қабылдауына және шынайы жағдайға барынша жақын ортадағы іс-қимылға ерекше назар аударуда.

– Әскери жиындар бұрынғы машықтарды қалпына келтіруге, заманауи даярлық әдістерін меңгеруге және ел қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті қайта сезінуге мүмкіндік береді. Біз заманауи қару-жарақ пен техникамен жұмыс істеуде практикалық тәжірибе жинадық. Ең бастысы, командалық жұмыс пен өзара көмектің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіздік, – деді Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің мемлекеттік қызметшісі, запастағы қатардағы жауынгер Марат Айтқожа.

99255 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Еркебұлан Әбіжов жұмылдыру резервін даярлау елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

– Әскери жиындар әскери міндеттілердің даярлығын сақтауға және қоғам мен армия арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сенімді жұмылдыру резерві – мемлекеттің қорғаныс қабілетінің маңызды бөлігі, – деді ол.

Он күн ішінде қатысушылар саптық, тактикалық, атыс және арнайы дайындық бойынша практикалық машықтарын қалпына келтіреді. Сондай-ақ олар бөлімшелер құрамындағы іс-қимылды, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді және аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауды пысықтайды.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...