Абай облысындағы орман өрті 60 гектарға жуық аумақты шарпыды

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалына қарасты Камышен орманшылығының 57-орамында орман өрті әлі сөндіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау 60 гектарға жуық аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Ішкі істер, Қорғаныс, Денсаулық сақтау министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Абай облысы әкімдігінің күштері жұмылдырылды.

Оқиға орнында барлығы 600 адам жұмыс істеп жатыр. Мамандар 148 бірлік жерүсті техникасы мен жеті тікұшақты пайдаланып жатыр. Барлық бөлімше өрт аумағына жетіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға кірісті.

Авиация жалпы көлемі 89 тонна суды 81 рет төкті. Өрт шыққан ауданға Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан, сондай-ақ Астанадан қосымша бөлімшелер жіберілді. Өртті сөндіруге «Семей орманы» резерватының, «Ертіс орманы» орман шаруашылығының қызметкерлері және Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімі де қосылды.

Құтқарушылар полициямен және Абай облысының әкімдігімен бірлесіп, «Дос-болLike» лагеріндегі балалар мен қызметкерлерді алдын ала эвакуациялады. Семей қаласына 220 адам жеткізілді. Олардың арасында 190 бала және лагерьдің 30 қызметкері бар.

Іс-қимылды үйлестіру үшін Қазақстан ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында жедел штаб құрылды. Оның жұмысына жұмылдырылған барлық мемлекеттік органның өкілдері қатысып жатыр. Штаб жерүсті бөлімшелері мен авиацияның жұмысын үйлестіріп, өртті одан әрі сөндіру бойынша шешімдер қабылдайды.

Полиция қауіпті аумақты қоршауға алып, өрт ошағына апаратын жолдарды жапты. Сонымен қатар тәртіп сақшылары өрт сөндіру, инженерлік және басқа да арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалап жатыр. Эвакуация кезінде тұрғындар қалдырған мүлік те күзетке алынды.

Барлық қызметтің бірлескен жұмысының арқасында Камышенка ауылына төнген қауіп сейілді. Мамандар өртті әуеден және жерден сөндіруді, сондай-ақ оны оқшаулап, толық жою жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Жағдай Қазақстан ТЖМ жедел штабының бақылауында.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...