ШҚО-ның әлеуметтік-экономикалық ахуалы: негізгі көрсеткіштер қандай?

Шығыста 717 мың адам тұрады. Алайда, жыл басынан бері өңір халқы 2 016 адамға азайған. Бұдан бөлек, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ерназ Нұрланов мәлімдеді.

2026 жылғы 1 маусымдағы мәліметке сәйкес, облыс тұрғындарының 485,9 мыңы қалада, 231,1 мыңы ауылдық жерде тұрады. Жыл басынан бері қала халқының үлесі 0,1 пайызға, ауыл тұрғындарының үлесі 0,6 процентке төмендеген.

Өңірдегі демографиялық ахуалда әйелдер саны басым. Қазір облыста 373,1 мың әйел тұрады. Бұл жалпы халықтың 52 пайызы. Ерлер саны 343,9 мың адамды немесе 48 пайызды құрайды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша облыста 17 483 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде қалып отыр.
Кәсіпкерлік саласында оң өзгеріс бар. 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өңірде 14 859 заңды тұлға тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға көп. Оның 12 241-і немесе 82,4 пайызы белсенді қызметін жалғастырып келеді.

Шағын кәсіпкерлік өңір экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Қазіргі таңда облыста 11 953 шағын кәсіпорын тіркелген. Бұл барлық заңды тұлғалардың 80,4 пайызы. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда олардың саны 0,3 пайызға артқан.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...