Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады

Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп, күрделі инфрақұрылымдық шешімдерді табысты іске асырған СССС компаниясы бүгінде сенімді әрі кәсіби серіктес ретінде танылғанын айтты.

Президент Бақты – Аягөз теміржол құрылысының стратегиялық мәніне назар аударды. Бұл желі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Каспий теңізінің табанын тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорын құрудың маңызы атап өтілді.

Мемлекет басшысы бірлескен кәсіпорын Каспий маңы елдері мен одан тысқары жерлерде қауіпсіз теңіз қатынасын қамтамасыз ету қызметін ұсынатын өңірлік орталық қалыптастыруға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы келешегі зор бастамалар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы сапар аясында Қазақстандағы алғашқы гидрожинақтаушы электр станциясы құрылысының жобасын бірлесе әзірлеу туралы келісімге қол қойылуын құптады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл нысан ұлттық энергия жүйесін нығайта түседі.

Қуаттылығы 600 MBт болатын гидростанцияны СССС компаниясына еншілес China International Water & Electric Corporation кәсіпорнының қатысуымен Алматы облысындағы Қарғалы өзенінде салу жоспарланып отыр.

Новые статьи

Китайский бизнес получил цифровой штаб в Алматы

В Алматы начал работу Штаб цифровой экономики IBI в Республике Казахстан. Новая международная площадка займется развитием сотрудничества Казахстана и Китая в сфере цифровой экономики,...

Қасым-Жомарт Тоқаев China Communications Construction Company президенті Чжан Биньнаньді қабылдады

Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстанда біраз жылдан бері жұмыс істеп,...

ШҚО командасы спартакиада чемпионы атанды

Шығыс Қазақстан облысының 3х3 баскетболдан мемлекеттік қызметшілер арасындағы ерлер құрамасы республикалық спартакиадада алтын медаль жеңіп алды. Финалда ШҚО командасы Атырау облысының құрамасымен кездесті. Тартысты өткен...

Касым-Жомарт Токаев принял президента China Communications Construction Company Чжан Биньнаня

В ходе встречи был обсужден ход реализации совместных проектов, имеющих стратегическое значение для укрепления транспортно-логистического и энергетического потенциала нашей страны. Глава государства отметил, что за...