Қазақстан мен Қытай жарты жылда 18,7 миллион тонна жүк тасымалдады

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 18,7 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.

Жүк ағыны екі бағытта да артты. Алты айда Қытайдан Қазақстанға жеті миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 9%-ға жоғары. Қытай бағытына 11,7 миллион тонна жүк жөнелтіліп, өсім 10%-ды құрады.

Қытайға экспорттық тасымал көлемі 8,5 миллион тоннаға жетті. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 20%-ға көп. Қазақстан Қытайға кен, құрама жем, қара және түсті металдар, астық, мұнай мен мұнай өнімдерін, сондай-ақ басқа да жүктерді жеткізді.

Тасымал көлемінің өсуіне Қазақстан мен Қытай теміржол әкімшіліктерінің жүйелі өзара іс-қимылы ықпал етті. Тараптар шекара маңындағы инфрақұрылымды дамытып, өткізу бекеттерінің қуатын арттырып, жүк ағынын одан әрі көбейтуге жағдай жасап жатыр.

Бұл көрсеткішке Достық шекаралық өткізу бекеті елеулі үлес қосты. Бірінші жартыжылдықта ол арқылы 10,6 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл 2025 жылдың алғашқы алты айындағы көрсеткіштен 15%-ға көп. Станция арқылы экспорттық тасымал көлемі 5,4 миллион тоннаны құрап, 15%-ға өсті.

Достық станциясы 1990 жылы ашылды. Содан бері мемлекеттік шекараның екі жағында да заманауи инфрақұрылым мен терминалдар салынды. Бүгінде Достық Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктер өтетін ірі көлік тораптарының бірі болып қала береді.

Алтынкөл шекаралық өткізу бекеті де оң динамика көрсетті. Бірінші жартыжылдықта ол арқылы тасымалданған жүк көлемі 8,1 миллион тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға көп.

Станция арқылы экспорттық тасымал бұдан да жоғары қарқынмен өсті. Оның көлемі 3,1 миллион тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы көрсеткіштен 29%-ға артық.

Алтынкөл Азия мен Еуропа елдерін байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерінің негізгі буындарының бірі саналады. Заманауи жүк тиеу және қайта тиеу қуаттары, жоғары өткізу мүмкіндігі мен станцияның тәулік бойы жұмыс істеуі мемлекеттік шекара арқылы жүктің тұрақты тасымалдануын қамтамасыз етеді.

Новые статьи

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...

В селе Жаңалық Тарбагатайского района открыли новый медицинский пункт

В селе Жаңалық Тарбагатайского района 23 октября открыли новый медицинский пункт. Объект начал работу накануне Дня Республики и призван повысить доступность первичной медицинской помощи...

В ВКО отметили День Республики праздничным концертом

В Восточно-Казахстанской областной филармонии состоялся праздничный концерт ко Дню Республики. Программу посвятили достижениям региона и людям, которые развивают образование и медицину, работают на промышленных...